«Павлодар облысы әкімдігінің 2008 жылғы 8 сәуірдегі «Жекешелендіруге жататын коммуналдық меншік объектілерінің тізбесін бекіту туралы» № 78/4 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы» Павлодар облыстық әкімдігінің 2009 жылғы 5 мамырдағы № 107/8 қаулысы (күші жойылды)

Павлодар облысы әкімдігінің 2008 жылғы 8 сәуірдегі «Жекешелендіруге жататын коммуналдық меншік объектілерінің тізбесін бекіту туралы» № 78/4 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы
Павлодар облыстық әкімдігінің 2009 жылғы 5 мамырдағы № 107/8 қаулысы

 

Павлодар облысы әкімдігінің 2011 жылғы 30 маусымдағы № 112/5 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабы 1-тармағының 2)-тармақшасына, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 23 желтоқсандағы «Жекешелендіру туралы» Заңының 5-бабы 3-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 21 қыркүйектегі «Коммуналдық меншік объектілерін жекешелендіру мәселелері» № 1431 қаулысына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Павлодар облысы әкімдігінің 2008 жылғы 8 сәуірдегі «Жекешелендіруге жататын коммуналдық меншік объектілерінің тізбесін бекіту туралы» № 78/4 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3111 болып тіркелді, 2008 жылғы 5 маусымда «Сарыарқа самалы» № 61 және 2008 жылғы 6 мамырда «Звезда Прииртышья» № 49 газеттерінде жарияланды), Павлодар облысы әкімдігінің 2009 жылғы 17 ақпандағы «Павлодар облысы әкімдігінің 2008 жылғы 8 сәуірдегі «Жекешелендіруге жататын коммуналдық меншік объектілерінің тізбесін бекіту туралы» № 78/4 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы» № 40/3 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3132 болып тіркелді, 2009 жылғы 21 наурызда «Сарыарқа самалы» № 34 және 2009 жылғы 21 наурызда «Звезда Прииртышья» № 33 газеттерінде жарияланды) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген қаулының қосымшасында:

3-бағанның 35-тармағындағы мәтін мына редакцияда жазылсын:

«Павлодар қаласы («Павлодар облыстық инфекциялық ауруханасы» ММ-нің балансында)»;

көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес 291 - 410-тармақтармен толықтырылсын.

2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін 10 күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.