«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы № 1317 қаулысына өзгерістер енгізу туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 мамырдағы № 732 Қаулысы
(2009.27.06. берілген өзгерістермен)
ҚР Үкіметінің 2010 жылғы 7 маусымдағы № 520 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
ҚР Үкіметінің 2009.27.06. № 987 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (2009 жылғы 26 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. «Қазақстан Республикасының Кедендік тарифі және Сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы № 1317 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 50, 610-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Кедендік тарифінде және Сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасында:
Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін тауарларға арналған кедендік баждардың ставкаларында:
«Өсімдіктен алынатын өнімдер» деген II бөлімде:
«Тірі ағаштар және басқа да өсімдіктер; пияздар және өсімдіктердің өзге де ұқсас бөліктері; кесіп алынған гүлдер және сәндік өсімдіктер» деген 06-топта:
«Баж ставкалары (кеден құнының пайызымен не евромен)» деген бағанда:
«0602 20 900 0 өзгелері» деген жолдағы «5» деген сан «0» деген санмен ауыстырылсын;
«Жануарлардан немесе өсімдіктерден алынатын тоң майлар мен майлар және оларды ажырату өнімдері; дайын тамақтық тоң майлар; жануарлардан немесе өсімдіктерден алынатын балауыздар» деген III бөлімде:
«Жануарлардан немесе өсімдіктерден алынатын тоң майлар мен майлар және оларды ажырату өнімдері; дайын тамақтық тоң майлар, жануарлардан немесе өсімдіктерден алынатын балауыздар» деген 15-топта:
«Баж ставкалары (кеден құнының пайызымен не евромен)» деген бағанда:
«1511 90 190 9 өзгелері» деген жолдағы «5» деген сан «0» деген санмен ауыстырылсын;
«1511 90 990 1 таза массасы 200 кг немесе одан кем қораптағы, күбідегі, ыдыстағы немесе бидадағы» деген жолдағы «5» деген сан «0» деген санмен ауыстырылсын;
«1511 90 990 9 өзгелері» деген жолдағы «5» деген сан «0» деген санмен ауыстырылсын;
«Тоқымалық материалдар мен тоқымалық бұйымдар» деген XI бөлімде:
«Химиялық жіптер; химиялық материалдарынан жасалған жалпақ және оған ұқсас жіптер» деген 54-топта:
«Баж ставкалары (кеден құнының пайызымен не евромен)» деген бағанда:
«5407 41 000 0 — ағартылмаған немесе ағартылған» деген жолдағы «5» деген сан «0» деген санмен ауыстырылсын;
«Қымбат бағалы емес металдар және олардан жасалатын бұйымдар» деген XV бөлімде:
«Алюминий және одан жасалған бұйымдар» деген 76-топта:
«Баж ставкалары (кеден құнының пайызымен не евромен)» деген бағанда:
«7605 11 000 0 — көлденең қимасының ең көп мөлшері 7 мм-ден астам» деген жолдағы «5» деген сан «0» деген санмен ауыстырылсын;
«Машиналар, жабдықтар және тетіктер; электротехникалық жабдықтар; олардың бөліктері; дыбыс жазғыш және дыбыс шығарғыш аппараттар, телевизиялық бейнені және дыбысты жазуға және шығаруға арналған аппараттар, олардың бөліктері мен керек-жарақтары» деген XVI бөлімде:
«Ядролық реакторлар, қазандар, жабдықтар мен механикалық құрылғылар; олардың бөліктері» деген 84-топта:
«Баж ставкалары (кеден құнының пайызымен не евромен)» деген бағанда:
«8403 10 900 0 өзгелері» деген жолдағы «0» деген сан «15» деген сандармен ауыстырылсын;
Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімдеріне сәйкес уақытша негізде қолданылатын әкелінетін кедендік баждарының ставкалары осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
тауарлардың атаулары негізінде қолданылатын әкелінетін кедендік баждардың ставкаларында:
28«Позицияның атауы» деген бағанда:
«4811 59 000 9-дан шырындар орамдарына арналған тетрақағаздар» жолдағы «шырындар орамдарына арналған тетрақағаздар» деген сөздер «шырындар, нектарлар, шырыннан тұратын сусындар және шай негізіндегі сусындар орамдарына арналған комбинациялаған материал» деген сөздермен ауыстырылсын;
2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі екі апта мерзімде Еуразия экономикалық қоғамдастығы Интеграциялық Комитетінің Хатшылығын Қазақстан Республикасының Үкіметі қабылдайтын сыртқы сауда қызметін реттеу жөніндегі шаралар туралы хабардар етсін.
3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін отыз күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.