«Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының нормаларын қолдану үшін қажетті қор және тауар биржаларының, аудиторлық ұйымдардың тізбелері, сондай-ақ олардың ұсынатын құжаттарының нысаны мен мазмұнына қойылатын талаптарды бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 26 желтоқсандағы № 1292 Қаулысы
(2008.31.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2009 жылғы 28 мамырдағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1320 қаулысымен атауы өзгертілді (бұр. ред. қара)
«Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңының 13-бабы 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1320 қаулысымен 1 тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
1. Қоса беріліп отырған «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының нормаларын қолдану үшін қажетті қор және тауар биржаларының, аудиторлық ұйымдардың тізбелері, сондай-ақ олардың ұсынатын құжаттарының нысаны мен мазмұнына қойылатын талаптар бекітілсін.
2. Осы қаулы 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Үкіметінің 2007 жылғы
26 желтоқсандағы
№ 1292 қаулысымен
бекітілген
ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1320 қаулысымен атауы өзгертілді (бұр. ред. қара)
«Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының нормаларын қолдану үшін қажетті қор және тауар биржаларының, аудиторлық ұйымдардың тізбелері, сондай-ақ олардың ұсынатын құжаттарының нысаны мен мазмұнына қойылатын талаптар