Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы
Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілерінің күші жойылды деп тану туралы
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілерінің күші жойылды деп танылсын.
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі өз шешімдерің осы Жарлыққа сәйкес келтірсін.
3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Президенті |
Н. Назарбаев |
Астана, Ақорда, 2009 жылғы маусымның 18-і.
№ 829
Президентінің
2009 жылғы 18 маусымдағы
№ 829 Жарлығына
ҚОСЫМША
Қазақстан Республикасы Президентінің күші жойылған кейбір актілерінің
ТІЗБЕСІ
1. «Қазақстан Республикасында мемлекет иелігінен алу мен жекешелендірудің 1993-1995 жылдарға (II кезең) арналған Ұлттық бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1993 жылғы 5 наурыздағы № 1135 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж.,№ 7, 83-құжат; 199ғж., № 17, 184-құжат).
2. «Мемлекеттік холдинг компаниялары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1993 жылғы 5 наурыздағы № 1138 Қаулысы.
3. «Мемлекеттік меншікті (мемлекеттік ауыл шаруашылық кәсіпорындарынан басқаларын) жекешелендіруден алынған қаржының келіп түсуі мен бөлінуінің тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1993 жылғы 22 маусымдағы № 1275 Қаулысы.
4. «Инвестициялық жекешелендіру купондары туралы Ережені күшіне енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1993 жылғы 23 маусымдағы № 1289 Қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж., № 20, 253-құжат).
5. «Инвестициялық жекешелендіру қорларын ұйымдастыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1993 жылғы 23 маусымдағы № 1290 Қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж., № 23, 284-құжат).