«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 22 қыркүйектегі № 903 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 22 маусымдағы № 959 Қаулысы (күші жойылды)

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 22 қыркүйектегі № 903 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 22 маусымдағы № 959 Қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2017 жылғы 7 тамыздағы № 475 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Қазақстан Республикасының сауда саясаты және халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссиясын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 22 қыркүйектегі № 903 қаулысына мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының сауда саясаты және халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының құрамы осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының сауда саясаты және халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссиясы туралы ереже мынадай мазмұндағы 11-1-тармақпен толықтырылсын:

«11-1. Мемлекеттік органдардың құзыретіне кіретін мәселелер қаралған жағдайда, Комиссияның отырыстарына мемлекеттік органдар басшыларының орынбасарлары шақырылады.

Комиссия отырысының материалдарына қоса тіркеу үшін мемлекеттік органның қорытындысы мемлекеттік орган басшысының немесе оның орынбасарының қолы қойылып, жазбаша түрде ұсынылуы тиіс».

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2009 жылғы 22 маусымдағы

№ 959 қаулысына

қосымша

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2006 жылғы 22 қыркүйектегі

№ 903 қаулысымен

бекітілген

 

Қазақстан Республикасының Сауда саясаты және халықаралық

экономикалық ұйымдарға қатысу мәселелері жөніндегі

ведомствоаралық комиссияның құрамы