Қазақстан Республикасының медициналық және фармацевтикалық
білім беру ісін реформалау тұжырымдамасы туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 24 сәуірдегі № 317 Қаулысы
Осы редакция 2009 жылғы 8 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Yкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының медициналық және фармацевтикалық білім беру ісін реформалау тұжырымдамасы мақұлдансын.
2. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының медициналық және фармацевтикалық білім беру ісін реформалау тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі 2006 - 2010 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары (бұдан әрі - Жоспар) бекітілсін.
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Жоспардың орындалу барысы туралы ақпаратты жылына екі рет, есепті жарты жылдықтан кейінгі айдың 25-күніне қарай Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының