Бір жолғы талондардың бағасын бекіту туралы
Астана қаласы мәслихатының 2008 жылғы 18 желтоқсандағы № 169/28-IV Шешімі
Астана қаласы мәслихатының 2013 жылғы 28 наурыздағы № 123/14-V шешімімен күші жойылды
Астана қаласы әкімі ұсынған материалдарды қарап, Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Кодексінің 373-бабының 2-тармағына сәйкес Астана қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
1. № 1, № 2 қосымшаларға сәйкес 2009 жылдың 1 қаңтарынан бастап Астана қаласы базарларының сатушылары және ара-тұра сипаттағы кәсіпкерлік қызмет үшін бір жолғы талондардың бағасы бекітілсін.
2. Астана қаласы мәслихатының 2001 жылғы 25 желтоқсандағы № 127/26-ІІ «Бір жолғы талондар бағасын белгілеу туралы» шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім 2009 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енеді.
Астана қаласы мәслихатының
сессия төрағасы | А. Байгенжин |
Астана қаласы мәслихатының
хатшысы | В. Редкокашин |
2008 жылғы 18 желтоқсандағы
№ 169/28-IV шешіміне
1-қосымша