2009 жылға арналған облыстық бюджет туралы
Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2008 жылғы 12 желтоқсандағы № 12/135-IV шешімі
(2009.23.04. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2009 жылғы 9 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2009.11.02. № 13/173-IV шешімімен преамбула өзгертілді (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2009.11.02. № 13/173-IV шешімімен 1-тармақ редакцияда жазылды (бұр.ред.қара); 2009.15.04. № 16/209-IV шешімімен (бұр.ред.қара); 2009.23.04. № 17/214-IV шешімімен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Оңтүстік Қазақстан облысының 2009 жылға арналған облыстық бюджеті 1-қосымшаға сәйкес мынадай көлемде бекітілсiн:
1) кiрiстер - 194 497 080 мың теңге, оның iшiнде:
салықтық түсiмдер - 11 849 617 мың теңге;
салықтық емес түсiмдер - 242 391 мың теңге;
трансферттердiң түсiмдерi - 182 405 072 мың теңге;
2) шығындар - 192 039 659 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредит беру - - 1 369 000 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер - 699 000 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 2 068 000 мың теңге;
4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 2 440 355 мың теңге, оның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу - 2 440 355 мың теңге;
5) бюджет профициті - 1 386 066 мың теңге;
6) бюджет профицитін пайдалану - - 1 386 066 мың теңге, оның ішінде:
қарыздар түсімі - 699 000 мың теңге;
қарыздарды өтеу - 2 101 955 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары - 16 889 мың теңге.
2. 2009 жылға жеке табыс салығы және әлеуметтік салық түсімдерінің жалпы сомасын бөлу нормативтері белгіленсін:
аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттеріне 50 пайыз;
облыстық бюджетке:
аудандардан (облыстық маңызы бар қалалар) 50 пайыз;