«Білім және ғылым қызметкерлерін көтермелеу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2007 жылғы 20 қарашадағы № 373-к бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 8 шілдедегі № 153-к бұйрығы
ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 2013 жылғы 8 тамыздағы № 324 бұйрығымен күші жойылды
«Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 5-бабының 39) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Білім және ғылым қызметкерлерін көтермелеу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2007 жылғы 20 қарашадағы № 373-к бұйрығына (мемлекеттік нормативтік актілерді тіркеу тізілімінде № 5008 болып тіркелген, 2009 жылғы 17 сәуірдегі № 57 (1654) «Заң газетінде» жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген білім және ғылым қызметкерлерін көтермелеу жөніндегі нұсқаулықта:
3-тармағының 4) тармақшасындағы ««Білім және ғылым саласындағы ынтымақтастықты дамытқаны үшін» деген сөздер ««Қазақстан Республикасының білімі мен ғылымын дамытудағы зор еңбегі үшін» деген сөздермен ауыстырылсын;
Білім және ғылым қызметкерлерін көтермелеу жөніндегі нұсқаулыққа 4-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
2. Әкімшілік департаменті (Т.Т. Мекамбаев) белгіленген тәртіппен: