«Білім және ғылым қызметкерлерін көтермелеу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2007 жылғы 20 қарашадағы № 373-к бұйрығы (2009.08.07. берілген өзгерістермен) (күші жойылды)

Білім және ғылым қызметкерлерін көтермелеу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2007 жылғы 20 қарашадағы № 373-к бұйрығы

(2009.08.07. берілген өзгерістермен)

 

ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 2013 жылғы 8 тамыздағы № 324 бұйрығымен күші жойылды

 

«Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 5-бабы 39) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Білім және ғылым қызметкерлерін көтермелеу жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.

2. Әкімшілік қамтамасыз ету департаменті (Т.Т. Мекамбаев) белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін;

2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін ресми жариялауды қамтамасыз етсін.

3. Мыналардың:

1) «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің көтермелеу түрлерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2000 жылғы 12 желтоқсандағы № 1159 бұйрығының (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде № 1361 тіркелген);

2) «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің көтермелеу түрлерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2000 жылғы 12 желтоқсандағы № 1159 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2004 жылғы 27 шілдедегі № 652 бұйрығының (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде № 2985 тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

4. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.

5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Жауапты хатшы С.Ж. Пірәлиевке жүктелсін.

 

 

Министрдің міндетін атқарушы

 

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.