Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің көтермелеу түрлерін бекіту туралы Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2000 жылғы 12 желтоқсандағы № 1159 бұйрығы (ҚР Білім және ғылым министрлігінің 27.07.04 ж. № 652 бұйрығымен енгізілген өзгерістерімен) (күші жойылды)

Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлігінiң көтермелеу
түрлерiн бекіту туралы Қазақстан Республикасының Білім және ғылым
министрінің 2000 жылғы 12 желтоқсандағы № 1159 бұйрығы

(ҚР Білім және ғылым министрлігінің 27.07.04 ж. № 652

бұйрығымен енгізілген өзгерістерімен)

 

ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2007 жылғы 20 қарашадағы № 373-к Бұйрығымен күші жойылды

 

1999 жылғы 7 маусымдағы «Бiлiм туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 30-бабына сәйкес және білім беру мен ғылым саласындағы қызметкерлердi көтермелеу және моральдық ынталандыру мақсатында

БҰЙЫРАМЫН:

ҚР Білім және ғылым министрлігінің 27.07.04 ж. № 652 бұйрығымен 1-тармақ өзгертілді

1. Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлігінiң мынадай көтермелеу түрлерi бекітілсiн:

"Қазақстан Республикасының білім беру құрметтi қызметкерi" төске тағатын белгiсi;

"Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға сiңiрген еңбегi үшiн" төске тағатын белгiсi;

"Ы. Алтынсарин" омырауға тағатын белгі;

Құрмет грамотасы;

Алғыс.

2. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлігінiң көтермелеу тәртібі туралы ереже бекітілсiн.

3. Заң бөлiмi (М.М.Күзембаев) осы бұйрықтың белгiленген тәртiпте Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде тiркелуiн қамтамасыз етсiн.

4. Осы бұйрық мемлекеттік тiркеуден өткiзiлген кезден бастап күшiне енедi.

5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау бiрiншi вице-Министр Е.М. Арынға жүктелсiн.

Министр

Қазақстан Республикасы Бiлiм

және ғылым министрлiгінiң

2000 жылғы 12 желтоқсандағы

№ 1159 бұйрығымен бекітілген

Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым

министрлігінiң көтермелеу тәртібі туралы

ЕРЕЖЕ

1. Жалпы ережелер

1. Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлігінiң (бұдан әрi - Министрлiк) көтермелеу тәртібі туралы ережесi "Бiлiм туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 30-бабының негiзiнде әзiрлендi.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.