«Отандық машина жасауды дамыту жөніндегі шаралар кешенін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 29 қарашадағы № 1115 Қаулысы (2009.29.11. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен) (күші жойылды)

Отандық машина жасауды дамыту жөніндегі шаралар кешенін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 29 қарашадағы № 1115 Қаулысы

(2009.29.11. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

ҚР Үкіметінің 2010 жылғы 30 қыркүйектегі № 1002 Қаулысымен күші жойылды

 

«Мемлекет басшысының 2008 жылғы 6 ақпандағы «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру - мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 14 ақпандағы № 535 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған отандық машина жасауды дамыту жөніндегі шаралар кешені (бұдан әрі - Шаралар кешені) бекітілсін.

2. Орталық және жергілікті атқарушы органдар, Қазақстан Республикасының өзге де мемлекеттік органдары мен мүдделі ұйымдар Шаралар кешенінің тиісінше және уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігіне жүктелсін.

4. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі жылына бір рет 15 шілдеге Шаралар кешенінің орындалу барысы туралы жиынтық ақпаратты Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

ҚР Үкіметінің 2009.20.07. № 1101 қаулысымен жоспар өзгертілді

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2008 жылғы 29 қарашадағы

№ 1115 қаулысымен

бекітілген

 

Отандық машина жасауды дамыту жөніндегі шаралар кешені

 

 

Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы: