Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне өзгерістер енгізу және
Қазақ КCP Министрлер Кабинетінің, Қазақстан Республикасы Министрлер
Кабинетінің, Қазақстан Республикасы Үкiметінің кейбір шешiмдерiнiң
күшi жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 29 қыркүйектегі № 964 Қаулысы
(2007.29.12. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2009 жылғы 20 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 5 наурыздағы № 210 қаулысымен бекітілген Мемлекет басшысының «Қазақстан экономикалық, әлеуметтiк және саяси жeдeл жаңару жолында» атты Қазақстан халқына 2005 жылғы 18 ақпандағы Жолдауын iске асыру жөніндегi жалпыұлттық жоспардың іс-шараларын орындаудың желілік кестесiнің 58.5-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса берiліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешiмдерiне енгізiлетін өзгерістер бекітілсiн.
2. Қосымшаға сәйкес Қазақ КCP Министрлер Кабинетінің, Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізiледi.
Қазақстан Республикасының