Алматы қаласындағы жасыл желектерді қорғау мен күту Ережесін бекіту туралы
ІV сайланған Алматы қаласы мәслихатының XІ сессиясының 2008 жылғы 2 шілдедегі № 119 шешімі
Осы редакция 2009 жылғы 25 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» кодексі және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы Жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңына сәйкес ІV сайланған Алматы қаласы мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Алматы қаласындағы жасыл желектерді қорғау мен күту Ережесі бекітілсін, қоса беріліп отыр.
2. ІІІ сайланған Алматы қаласы мәслихаты XXVІІ сессиясының «Алматы қаласындағы жасыл желектерді қорғау мен күту ережесін бекіту туралы» 2006 жылғы 21 желтоқсандағы № 314 шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу реестірінде 2007 жылғы 26 қаңтарда № 735 рет санымен тіркелді, 2007 жылғы 29 наурызда - «Алматы ақшамы» газетінде № 67, 2007 жылғы 17 ақпанда - «Вечерний Алматы» газетінде № 37 жарияланған) күші жойылған деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау экология, денсаулық және төтенше жағдайлар мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына (Т.Ә. Ізмұхамбетов) және Алматы қаласы әкімінің орынбасары А. Сманқұловқа жүктелсін.
4. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| ІV сайланған Алматы қаласы мәслихаты ХІ сессиясының төрағасы |
Т. Есполов
|
| ІV сайланған Алматы қаласы мәслихатының хатшысы |
Т. Мұқашев
|
мәслихатының ХІ сессиясының
2008 жылғы 2 шілдедегі
№ 119 шешімімен бекітілген
Алматы қаласындағы жасыл желектерді
күту және қорғау ережелері
1. Жалпы ережелер