«Азаматтық істер бойынша сот актілерін орындаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2009 жылғы 29 маусымдағы № 6 Нормативтік қаулысы (2014.24.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) (күші жойылды)

Азаматтық істер бойынша сот актілерін орындаудың кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2009 жылғы 29 маусымдағы № 6 Нормативтік қаулысы

(2014.24.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

ҚР Жоғарғы Сотының 2017 жылғы 31 наурыздағы № 1 Нормативтік қаулысымен күші жойылды

 

Азаматтық істер бойынша сот актілерін орындаудың мерзімін кейінге қалдыру, мерзімін ұзарту, сондай-ақ орындау тәсілі мен тәртібін өзгертуді реттейтін заңнамалық актілерді соттардың біркелкі түсінуі мен қолдануы мақсатында, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы

қаулы етеді:

 

ҚР Жоғарғы Сотының 2011.30.12. № 5 Нормативтік қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.24.12. № 3 Нормативтік қаулысымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді

1. Қазақстан Республикасы Конституциясының 76-бабының 3-тармағына және Қазақстан Республикасы Азаматтық іс жүргізу кодексінің (бұдан әрі - АІЖК) 21-бабына сәйкес заңды күшіне енген сот актілері, осы сот актілері оларға қатысты болатын барлық мемлекеттік органдардың және олардың лауазымды тұлғаларының, жеке немесе заңды тұлғалардың орындауы үшін міндетті болады.

Сот актілері ерікті немесе мәжбүрлі түрде орындалуы тиіс.

Сот актісін ерікті түрде орындау деген борышкердің атқарушылық іс жүргізу қозғалғанға дейін сот актісінде ұйғарылған орындауды (төлем жасайды, затты береді және т.б.) өндіріп алушыға өз бетімен ұсынуын білдіреді.

Сот актісін мәжбүрлеп орындату деген сот орындаушысының «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Атқарушылық іс жүргізу туралы заң) сәйкес сот актісін орындау үшін қажетті әрекеттерді борышкердің еркіне қарсы жасауын білдіреді.

ҚР Жоғарғы Сотының 2011.30.12. № 5 Нормативтік қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.