«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 8 мамырдағы № 436 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 шілдедегі № 1157 Қаулысы (күші жойылды)

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 8 мамырдағы № 436 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 шілдедегі № 1157 Қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы № 13 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Инвестициялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 8 мамырдағы № 436 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 19, 192-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1) 1-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«3) инвестициялардың ең жоғарғы көлемдері;»;

2) көрсетілген қаулымен бекітілген Инвестициялық преференцияларды көздейтін инвестицияларды жүзеге асыруға арналған модельдік келісім-шартта:

2-тармақтың 1) тармақшасы алынып тасталсын;

3-тармақтың 4) тармақшасы алынып тасталсын;

12-тармақтағы «және осы Келісім-шартқа» деген сөздер алынып тасталсын;

33-тармақтың екінші абзацы мен 34 және 35-тармақтардағы «салықтар мен» деген сөздер алынып тасталсын;

келісім-шартқа 1-қосымшада:

кестедегі «Тіркелген активтердің құнын жылдық жиынтық кірістен шегерімге жатқызу жылы*» деген баған және ескерту* алынып тасталсын;

келісім-шартқа 2-қосымшада:

кестедегі «СЭҚ ТН коды» деген баған «СЭҚ» деген аббревиатураның алдынан «ҚР» деген аббревиатурамен толықтырылсын;

кестедегі «СЭҚ ТН коды» деген бағаннан кейін «Өлшем бірлігі» деген бағанмен толықтырылсын;

3) көрсетілген қаулымен бекітілген Инвестициялық преференциялар берілетін экономикалық қызмет түрлерінің жалпы сыныптауыш сыныптары деңгейіндегі қызметтің басым түрлерінің тізбесі осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жазылсын.

4) көрсетілген қаулымен бекітілген Инвестициялық преференцияларды уәкілетті орган беретін инвестициялардың ең жоғары көлемі және инвестициялық салық преференцияларының қолданылу мерзімдері осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес жазылсын.

2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2009 жылғы 30 шілдедегі

№ 1157 қаулысына

1-қосымша

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2003 жылғы 8 мамырдағы

№ 436 қаулысымен

бекітілген

 

Инвестициялық преференциялар берілетін экономикалық қызмет түрлерінің жалпы сыныптауыш сыныптары деңгейіндегі қызметтің басым түрлерінің тізбесі