Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 663 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 6 тамыздағы № 1189 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 28 желтоқсандағы № 887 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына көлік қызметін көрсету үшін қызметтік автомобильдерді пайдалануды ретке келтіру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 663 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 23-24, 228-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына көлік қызметін көрсету үшін қызметтік автомобильдердің тиістілік нормативі осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің
2009 жылғы 6 тамыздағы
№ 1189 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
1999 жылғы 27 мамырдағы
№ 663 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына көлік
қызметін көрсету үшін қызметтік автомобильдердің
тиістілік нормативі
Ескертпе:
* Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі үшін сыртқы саяси органның ерекшелігін ескере отырып, саны 5 бірлік, Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі үшін 7 бірлік қызметтік автомобильдердің тиістілік нормативі белгіленсін
** бұл норматив мемлекеттік органдардың облыстардағы филиалдарына, Байқоңыр қаласындағы мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелеріне де қолданылады
*** мемлекеттік органдар көлік қызметін көрсететін автомобильдер үшін жүру лимиттерін дербес, бірақ бір айда көліктің 1 бірлігіне 2600 км-ден асырмай белгілейді