«Қазақстан Республикасының Үкіметі жанынан Техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту мен кадрлар даярлау жөнінде республикалық кеңес құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 11 тамыздағы № 1211 Қаулысы (2010.28.10. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен) (күші жойылды)

Қазақстан Республикасының Үкіметі жанынан Техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту мен кадрлар
даярлау жөнінде республикалық кеңес құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 11 тамыздағы № 1211 Қаулысы

(2010.28.10. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

ҚР Үкіметінің 2010.28.10. № 1124 Қаулысымен тақырыбы өзгертілді (бұр.ред.қара)

 

ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 30 наурыздағы № 298 Қаулысымен күші жойылды

 

«Қазақстан Республикасында техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2008 - 2012 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2008 - 2010 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 31 шілдедегі № 730 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

ҚР Үкіметінің 2010.28.10. № 1124 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

1. Қазақстан Республикасының Үкіметі жанынан Техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту мен кадрлар даярлау жөнінде республикалық кеңес (бұдан әрі - Ұлттық кеңес) құрылсын.

ҚР Үкіметінің 2010.28.10. № 1124 Қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

2. Қоса беріліп отырған:

1) Республикалық кеңес туралы ереже;

2) Республикалық кеңестің құрамы бекітілсін.

3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2009 жылғы 11 тамыздағы

№ 1211 қаулысымен

бекітілген

 

 

ҚР Үкіметінің 2010.28.10. № 1124 Қаулысымен тақырыбы өзгертілді (бұр.ред.қара)

Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Техникалық және кәсіптік білім беруді

дамыту мен кадрлар даярлау жөніндегі республикалық кеңес туралы

ереже

 

 

1. Жалпы ережелер

 

ҚР Үкіметінің 2010.28.10. № 1124 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

1. Техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту мен кадрлар даярлау жөніндегі республикалық кеңес (бұдан әрі - Кеңес) Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.

ҚР Үкіметінің 2010.28.10. № 1124 Қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

2. Кеңес қызметінің мақсаты республикалық деңгейде еңбек ресурстарын дамыту және кадрлар даярлау мен қайта даярлауда әлеуметтік әріптестік жөніндегі жұмысты үйлестіру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға жәрдемдесу болып табылады.

3. Кеңес өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

 

 

2. Кеңестің негізгі міндеттері мен құқықтары

 

4. Кеңестің негізгі міндеттері:

1) білікті кадрларды даярлау және қайта даярлау жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыруға жәрдемдесу;

2) техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың басым бағыттары бойынша ұсынымдар әзірлеу;

3) бірыңғай ұлттық біліктілік жүйесін құру;

4) экономиканы білікті кадрлармен қамтамасыз ету үшін қолайлы құқықтық және инвестициялық жағдайлар жасау;

5) кадрларды даярлауға және қайта даярлауға жұмыс берушілердің қатысуын қамтамасыз ету;

6) кадрлар даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын қалыптастыру үшін еңбек нарығының білікті кадрларға сұранысын жоспарлау мен болжау;

7) техникалық және кәсіптік білім берудің құрылымы мен мазмұнын жаңғырту;

8) кадрлар даярлаудың сапасын жақсарту;

9) техникалық және кәсіптік білім беруді басқару мен қаржыландыру жүйесін жетілдіру;

10) кадрлар даярлауға, кәсіптік стандарттарды әзірлеуге, мамандардың біліктілігін бағалауға салалық мемлекеттік органдардың, кәсіптік бірлестіктердің, жұмыс берушілердің қатысуы;

11) білім алушылардың кәсіптік практикасын ұйымдастыру және бітірушілерді жұмысқа орналастыру жөнінде ұсыныстарды әзірлеу болып табылады.

5. Кеңес өз міндеттеріне сәйкес:

1) Қазақстан Республикасының Үкіметіне кадрларды даярлау және қайта даярлау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөнінде ұсыныстар енгізеді;

2) Кеңестің отырыстарына қатысу үшін Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органдарының, сараптау және жұмыс топтары мен өзге де мүдделі ұйымдардың өкілдерін шақырады;

3) Кеңестің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік органдармен және ұйымдармен өзара іс-қимыл жасайды.

 

 

3. Кеңес қызметін жүзеге асыру тәртібі

 

ҚР Үкіметінің 2010.28.10. № 1124 Қаулысымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

6. Кеңесті төраға - Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі басқарады, ол оның қызметіне басшылық етеді, отырыстарында төрағалық етеді, оның жұмыс жоспарын жоспарлайды және бекітеді, оның шешімдерінің іске асырылуын жалпы бақылауды жүзеге асырады.

Төраға болмаған уақытта оның функцияларын Кеңес төрағасының орынбасары орындайды.

ҚР Үкіметінің 2010.28.10. № 1124 Қаулысымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

7. Кеңес құрамы Қазақстан Республикасының Үкіметі мүшелерінің, мемлекеттік даму институттары, жұмыс берушілер қауымдастығы, білім беру органдары, кәсіподақтар басшыларының, техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту мен кадрлар даярлау жөніндегі өңірлік кеңестер басшыларының қатарынан құралады. Кеңес мүшелері өз қызметін қоғамдық бастамаларда жүзеге асырады.

ҚР Үкіметінің 2010.28.10. № 1124 Қаулысымен 8-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

8. Кеңес отырыстары бір тоқсанда кемінде бір рет өткізіледі және егер оның мүшелерінің жалпы санының үштен екісі қатысса, заңды болып есептеледі. Кеңес шешімдері оның отырысына қатысқан Кеңес мүшелерінің жалпы санының көпшілік дауысымен қабылданады.

9. Кеңес мүшелері Кеңестің қызметі, қабылданған шешімдер туралы ақпарат ала алады, сондай-ақ Кеңестің құзыреті шегінде кез келген мәселелерді талқылауға енгізе алады.

10. Кеңес мүшелері отырыста қаралатын мәселелерді талқылау кезінде тең құқылы. Кеңес шешімдері қарапайым көпшілік дауыспен қабылданады, мұнда әрбір мүшенің бір дауыс құқығы болады. Дауыстар тең болған жағдайда төраға берген дауыс шешуші болып табылады.

11. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Кеңестің жұмыс органы болып табылады.

12. Кеңестің жұмыс органы:

1) күн тәртібін жасайды;

2) Кеңесте қарау үшін ұсыныстар жинауды жүзеге асырады. Кеңесте қарау үшін ұсыныстарды жұмыс органына мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдар енгізе алады. Бұл ретте ұсыныстар жеке сипатта болмауға тиіс;

3) Кеңес шешімдерінің орындалуын қамтамасыз етеді және бақылайды;

4) Кеңес қызметіне тартылған мамандар мен сарапшылардың жұмысын үйлестіреді.

13. Жұмыстарды ұйымдастыруды, Кеңес отырыстарын өткізуге дайындықты, тиісті құжаттарды, материалдарды дайындауды және Кеңес отырысының кейін хаттаманы ресімдеуді Кеңес хатшысы жүзеге асырады.

Хатшы Кеңес мүшесі болып табылмайды.

14. Кеңес шешімі кеңес мүшелері мен оның төрағасы қол қоятын хаттамамен ресімделеді.

 

 

4. Кеңестің қызметін тоқтату

 

15. Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі Кеңестің қызметін тоқтату үшін негіз болып табылады.

 

ҚР Үкіметінің 2010.28.10. № 1124 Қаулысымен құрамы өзгертілді (бұр.ред.қара)

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2009 жылғы 11 тамыздағы

№ 1211 қаулысымен

бекітілген

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Техникалық және

кәсіптік білім беруді дамыту мен кадрлар даярлау жөніндегі

ұлттық кеңестің құрамы

 

Мәсімов

Кәрім Қажымқанұлы

 

- Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, төраға

 

Орынбаев

Ербол Тұрмаханұлы

 

- Қазақстан Республикасы Премьер- Министрінің орынбасары, төрағаның орынбасары,

Ырсалиев

Серік Әзтайұлы

 

- Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі, хатшы,

Әбдіқалықова

Гүлшара Наушақызы

 

- Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі

 

Жұмағалиев

Асқар Қуанышұлы

 

- Қазақстан Республикасының Байланыс және ақпарат министрі,

Жұмағұлов

Бақытжан Тұрсынұлы

 

- Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі,

Күрішбаев

Ақылбек Қажығұлұлы

 

- Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі

 

Мыңбаев

Сауат Мұхаметбайұлы

 

- Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрі

 

Құсайынов

Әбілғазы Қалиақпарұлы

 

- Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрі,

Келімбетов

Қайрат Нематұлы

 

- «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы (келісім бойынша)

 

Перуашев

Азат Тұрлыбекұлы

 

- «Атамекен» одағы» Қазақстанның ұлттық экономикалық палатасы» заңды тұлғалар бірлестігінің төрағасы (келісім бойынша)

 

Амантаева

Майра Тұрғанқызы

 

- «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақтарының одағы» заңды тұлғалар бірлестігінің төрайымы (келісім бойынша)

 

Жәмішев

Болат Бидахметұлы

 

- Қазақстан Республикасының Қаржы министрі,

Мыңбаев

Сауат Мұхаметбайұлы

 

- Қазақстан Республикасының Мұнай және газ министрі,

Айтжанова

Жанар Сейдахметқызы

 

- Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда министрі,

Нокин

Серік Кеңесұлы

 

- Қазақстан Республикасының Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің төрағасы,

Есекеев

Қуанышбек Бақытбекұлы

 

- «Қазақтелеком» акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы (келісім бойынша),

Ізбасханов

Қылышбек Сатылғанұлы

 

- «Тау-Кен Самұрық» акционерлік қоғамының басқарушы директоры (келісім бойынша),

Исанова

Мергүл Бақтығалиқызы

 

- Шетелдік инвесторлар кеңесінің Қазақстандық қауымдастығының директоры (келісім бойынша),

Қуандықова

Майра Алдажарқызы

 

- «ENRC Kazakhstan» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің корпоративті коммуникациялар жөніндегі басқарушы директоры (келісім бойынша),

Мамин

Асқар Ұзақбайұлы

 

- «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы (келісім бойынша),

Мамытбеков

Асылжан Сарыбайұлы

 

- «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы (келісім бойынша),

Палымбетов

Болат Әбілқасымұлы

 

- «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының басқарушы директоры - Басқарма төрағасының орынбасары (келісім бойынша),

Радостовец

Николай Владимирович

 

- «Республикалық кен өндіру және кен- металлургиялық кәсіпорындары қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің атқарушы директоры (келісім бойынша),

Сәрсенов

Әділбек Ғазизұлы

 

- «Зерде» ұлттық инфокоммуникациялық холдингі» акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы (келісім бойынша),

Сәрсенов

Жанболат Жәкейұлы

 

- «KazEnergy» Қазақстан мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдары қауымдастығының Бас директоры (келісім бойынша).

Худова

Любовь Николаевна

 

- Қазақстан Республикасы жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары қауымдастығының Басқарма төрайымы (келісім бойынша),

Шалабеков

Бауыржан Лазарұлы

 

- Теңіз көлігі кәсіпкерлері қауымдастығының атқарушы директоры (келісім бойынша),

Шайкенова

Рашида Рашидқызы

 

- Қазақстандық туристік қауымдастығының директоры (келісім бойынша),

Ыдырысов

Ерлан Сапарғалиұлы

- «Қазақстан инжиниринг» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының басқарушы директоры (келісім бойынша);