Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитетінің 2009 жылғы 31 шілдедегі № СК-06/7315 Хаты (күші жойылды)

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитетінің 2009 жылғы
31 шілдедегі № СК-06/7315 Хаты

 

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті келесіні хабарлайды.

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 162 бабына сәйкес Қазақстан Республикасының резиденттері жеке тұлғалардан жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша декларация салық агентімен есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 15-інен кешіктірмей, салық төленетін жердегі салық органдарына табыс етіледі.

Салық кодекстің 161 бабы 3 тармағында, егер осы тармақта өзгеше көзделмесе, салық агенті төленген табыстар бойынша жеке табыс салығын аударуды төлем айынан кейінгі айдың 25-іне дейін өзі орналасқан жері бойынша жүзеге асыратыны бекітілген. Салық агентінің құрылымдық бөлімшелері бойынша салық төлеу тиісті бюджеттерге кұрылымдық бөлімшелер орналасқан жер бойынша жүргізіледі.

Салық кодекстің 12 бабы 1 тармағы 31) тармақшасы бойынша осы Кодекске сәйкес төлем көзінен ұсталатын салықтарды есептеу, ұстау және аудару жөніндегі міндет жүктелетін тұлға салық агенті болып табылады.

Сондай-ақ Салық кодексінің 360, 362, 364 баптарына сәйкес әлеуметтік салық төлеушілері құрылымдық бөлімшелері бойынша салық төлеуді және жеке табыс салығы мен әлеуметтік салық бойынша декларацияны табыс етуді құрылымдық бөлімшелері орналасқан жері бойынша салық органдарына жүзеге асырады.

2009 жылғы міндеттер бойынша салық есептілік нысандары және оларды жасау Ережелері Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 25.12.2008 жылғы № 611 бұйрығымен бекітілген (бұдан әрі - Ереже).

Осы Ережеге сәйкес жеке табыс салығын, әлеуметтік салығын есептеуге, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналары сомаларын есептеуге (қоса есептеуге), ұстауға және жинақтаушы зейнетақы қорына аударуға, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымның сомаларын қоса есептеуге, аударуға жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша декларация арналған (бұдан әрі -200.00 нысаны).

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.