Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің кейбір бұйрықтарына өзгертулер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2009 жылғы 23 шілдедегі № 144-ө Бұйрығы
ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2013 жылғы 14 ақпандағы № 16-ө бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының бюджет процесін жетілдіру мәселелері бойынша кeйбip заңнамалық актілерге өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңын icкe асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің кейбір бұйрықтарына мынадай өзгертулер енгізілсін:
1) Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2007 жылғы 30 наурыздағы «Қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат беру үшін құжаттардың нысандарын және оларды толтыру тәртібін бекіту туралы» № 94-ө бұйрығында (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 4615 болып тіркелген, 2007 жылғы 25 мамырда «Заң газетінде» № 78 (1107) жарияланған):
аталған бұйрықтың 1-қосымшасында:
мына «Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі (аумақтық бөлімшенің атауы)» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«Қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат беретін органның атауы»;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен немесе оның аумақтық бөлімшелерімен келісілген рұқсаттың қолданылу кезеңінде өндірістік экологиялық бақылау бағдарламасын орындау.»;
3-тармақтағы «рұқсат беретін органмен» деген сөздер «қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен немесе оның аумақтық бөлімшелерімен» деген сөздермен ауыстырылсын;
8, 9, 10-тармақтар алынып тасталсын;