Қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат беру үшін құжаттардың нысандарын және оларды толтыру тәртібін бекіту туралы Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2007 жылғы 30 наурыздағы № 94-ө бұйрығы (2014.29.05. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен) (күші жойылды)

Қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат беру үшін құжаттардың нысандарын және оларды толтыру тәртібін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2007 жылғы 30 наурыздағы № 94-ө бұйрығы

(2014.29.05. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

ҚР Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 115 бұйрығымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 17-бабындағы 29) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Мыналар бекітілсін:

1) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат алу бланк нысаны;

ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2014.29.05. № 199-ө бұйрығымен 2) қосымша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

2) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат алу және қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсатты қайта ресімдеу өтінім нысандары;

3) ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрінің м.а. 2012.19.03. № 73-ө бұйрығымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

4) осы бұйрықтың 4-қосымшасына сәйкес қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат алу үшін құжаттар нысанын толтыру ережесі.

2. Мына құжаттардың күші жойылды деп саналсын:

1) «Қоршаған ортаны ластауға рұқсат алуға өтінім материалдарын ұсынуға және рәсімдеуге дайындау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің міндетін атқарушының 2004 жылғы 21 қазандағы № 280-ө бұйрығы (Нормативтік құқықтық кесімдердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3188 тіркелген, орталық атқару және Қазақстан Республикасының басқа да мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер Бюллетенінде жарияланған, 2005 ж., № 14, 68 бет);

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.