«Қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат беру үшін құжаттардың нысандарын және оларды толтыру тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2007 жылғы 30 наурыздағы № 94-ө бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің м.а. 2012 жылғы 19 наурыздағы № 73-ө бұйрығы
ҚР Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 115 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 17-бабының 29) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат беру үшін құжаттардың нысандарын және оларды толтыру тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2007 жылғы 30 наурыздағы № 94-ө бұйрығына (Нормативтік құқықтық кесімдердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4615 тіркелген, 2007 жылғы 25 мамырдағы № 78 (1281) «Заң газетінде» жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақтың 3)-тармақшасы алып тасталсын.
1, 2 және 4-қосымшалар осы бұйрыққа 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Экологиялық заңнама және құқықтық қамтамасыз ету департаменті осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның ресми бұқаралық ақпарат құралдарында одан әрі жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті осы бұйрықты аумақтық бөлімшелердің және облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органдарының мәліметіне жеткізсін.
4. Осы бұйрық оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.