Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2007 жылғы 30 наурыздағы № 94-ө «Қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат беру үшін құжаттардың нысандарын және оларды толтыру тәртібін бекіту туралы» бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2014 жылғы 29 мамырдағы № 199-ө бұйрығы
ҚР Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 115 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 17-бабының 29) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат беру үшін құжаттардың нысандарын және оларды толтыру тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2007 жылғы 30 наурыздағы № 94-ө бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4615 тіркелген, 2007 жылғы 25 мамырда № 78 «Заң газеті» газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген, осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат алу бланк нысаны жаңа редакцияда жазылсын;
1-тармақтың 2) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:
«2) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат алу және қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсатты қайта ресімдеу өтінім нысандары;»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген, осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат алу эмиссияларға рұқсат өтінім нысанын келесі редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген, осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат алу үшін құжаттар нысанын толтыру ережесі жаңа редакцияда жазылсын.