Облыс аумағында карантиндік аймақты белгілеу туралы» Қарағанды облысы әкімдігінің 2007 жылғы 30 мамырдағы № 12/03 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қарағанды облысы әкімдігінің 2009 жылғы 21 шілдедегі № 20/02 қаулысы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27 бабына сәйкес карантиндік нысандардың таралу ошақтарын толықтай жою мақсатында Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Облыс аумағында карантиндік аймақты белгілеу туралы» Қарағанды облысы әкімдігінің 2007 жылғы 30 мамырдағы № 12/03 қаулысына (Қарағанды облысының әділет департаментімен 2007 жылғы 18 маусымда № 1830 тіркелген, 2007 жылғы 28 маусымдағы № 98-100 «Орталық Қазақстан» мен 30 маусымдағы № 75 «Индустриальная Караганда» газеттерінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
1) қосымша қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын;
2) қаулының 2 тармағы және Қарағанды облысы аумағында карантинді арамшөп-қызғылт укекіре ошақтарын шектеу, оқшаулау және жою жөніндегі іс-шаралар жоспары алынып тасталсын.
2. «Облыс аумағында карантиндік аймақты белгілеу туралы» Қарағанды облысы әкімдігінің 2007 жылғы 30 мамырдағы № 12/03 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қарағанды облысы әкімдігінің 2009 жылғы 16 маусымдағы № 17/07 қаулысының күші жойылсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары А.Ж. Дүйсебаевқа жүктелсін.
4. Осы қаулы ресми түрде жарияланған күннен бастап қолданысқа енеді.
Қарағанды облысы әкімінің міндетін атқарушы |
Р. Оразғұлов |
2009 жылғы 21 шілдедегі
№ 20/02 қаулысына
қосымша
Карантин аймағы белгіленетін өсімдіктер карантині бойынша бақылау нысандарының
ТІЗБЕСІ
№ р/с | Қалалар, аудандар, ауылдық округтер атауы | Шаруашылық субъектілері, елді мекендер, басқа да нысандар атауы | Залалданған алаң, га | Зерттеу күні |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
Қызғылт укекіре | ||||
1. | Абай: |
| 115 |
|
| Юбилейное а/о | «Қаймар» ш/қ | 25 | 2007 жылғы 19 маусым |
| Агрогородок а/о | «Надежда» ш/қ | 50 | 2007 жылғы 25 шілде |
|
| «Жәрдем» ш/қ | 40 | 2007 жылғы 25 шілде |