«Мүмкіндігі шектеулі балаларға, мүгедек балаларға, 1,5 жастан 3 жасқа дейінгі қатер тобындағы балаларға үйде әлеуметтік қызмет көрсетудің үлгі ережесі» (Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі міндетін атқарушының 2005 жылғы 1 желтоқсандағы № 306-ө бұйрығымен бекітілген) (күші жойылды)

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2010 жылғы 6 желтоқсандағы № 394-ө Бұйрығымен күші жойылды

 

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2009.30.07. № 240-ө Бұйрығымен үлгі ережемен толықтырылды

Қазақстан Республикасы

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау

министрі міндетін атқарушының

2005 жылғы 1 желтоқсандағы

№ 306-ө бұйрығымен бекітілген

 

 

Мүмкіндігі шектеулі балаларға, мүгедек балаларға, 1,5 жастан 3 жасқа дейінгі қатер
тобындағы балаларға үйде әлеуметтік қызмет көрсетудің
үлгі ережесі

(2009.30.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Осы Үйде әлеуметтік қызмет көрсетудің үлгі ережесі (бұдан әрі - Үлгі ереже) отбасыларында тұратын мүмкіндігі шектеулі балаларға, мүгедек балаларға, 1,5 жастан 3 жасқа дейінгі қатер тобындағы балаларға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетудің (бұдан әрі - балаларға үйде қызмет көрсету) шарттарын және тәртібін айқындайды.

2. Балаларға үйде қызмет көрсету Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» 2008 жылғы 29 желтоқсандағы № 114-ІV, «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» 2002 жылғы 11 шілдедегі № 343, «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» 2002 жылғы 8 тамыздағы № 345, «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» 2005 жылғы 13 сәуірдегі № 39 заңдарына, осы Үлгі ережеге сәйкес жүзеге асырылады.

3. Балаларға үйде арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуді мемлекеттік және жеке меншік нысанындағы субъектілер (үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшелері; отбасы және баланы қолдау қызметі; ерте қолға алу қызметі; оңалту орталықтары; медициналық-әлеуметтік мекемелер мен әлеуметтік қызмет көрсету нысандарының өзге де құрылымдық бөлімшелері) (бұдан әрі - үйде қызмет көрсететін субъектілер) жүзеге асырады.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.