«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 18 желтоқсандағы № 1184 және 2009 жылғы 16 қаңтардағы № 11 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 9 қыркүйектегі № 1335 Қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 18 желтоқсандағы № 1184 және 2009 жылғы 16 қаңтардағы № 11 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 9 қыркүйектегі № 1335 Қаулысы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:

1) «2009 - 2011 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 18 желтоқсандағы № 1184 қаулысында:

көрсетілген қаулының 1-қосымшасында:

05 «Денсаулық сақтау» функционалдық тобында:

226 «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі» әкімшісі бойынша:

005 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне денсаулық сақтау объектілерін салу және реконструкциялауға, Алматы облысының облыстық бюджетіне және Алматы қаласының бюджетіне денсаулық сақтау объектілерінің сейсмотұрақтылығын күшейтуге берілетін нысаналы даму трансферттері» бағдарламасында:

«Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласының «Жилгородок» ауданында бір ауысымда 500 адам қабылдайтын қалалық емхана салу» деген жолдың 3-бағанындағы «874 253» деген сандар «851 976» деген сандармен ауыстырылсын;

«Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласының «Авиагородок» ауданында бір ауысымда 500 адам қабылдайтын қалалық емхана салу» деген жолдың 3-бағанындағы «798 810» деген сандар «821 087» деген сандармен ауыстырылсын;

«Астана қаласында 250 төсектік қалалық балалар жұқпалы аурулар ауруханасын салу» деген жолдың 3-бағанындағы «1 500 000» деген сандар «1 000 000» деген сандармен ауыстырылсын;

«Астана қаласында № 12 көше мен Абылай хан даңғылының қиылысындағы 500 төсектік көп бейінді стационарды салу» деген жолдың 3-бағанындағы «1 897 800» деген сандар «1 397 800» деген сандармен ауыстырылсын;

«Астана қаласында бір ауысымда 250 адам қабылдайтын консультациялық-диагностикалық емханасы бар 350 төсектік қалалық көп бейінді балалар ауруханасын салу» деген жолдың 3-бағанындағы «508 035» деген сандар «1 508 035» деген сандармен ауыстырылсын;

көрсетілген қаулының 26-қосымшасы осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

2) «2009 жылға арналған республикалық бюджеттен облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне денсаулық сақтауға бөлінетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 16 қаңтардағы № 11 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 1-2, 3-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген 2009 жылға арналған республикалық бюджеттен облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне денсаулық сақтауға бөлінетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану ережесінде:

3-тармақтың 2) тармақшасында мемлекеттік тілдегі мәтінінде «ұйымдары мен мемлекеттік қан орталықтарына арналған» деген сөздер «ұйымдарына арналған» деген сөздермен ауыстырылсын;

4-тармақта мемлекеттік тілдегі мәтінінде «бұйымдар мен санитарлық автокөлікті» деген сөздер «бұйымдарды» деген сөзбен ауыстырылсын;

5-тармақта мемлекеттік тілдегі мәтінінде «, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен санитарлық көлікті қоспағанда, қан орталықтары үшін жабдықтарды» деген сөздер «қоспағанда» деген сөзбен ауыстырылсын;

8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«8. Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне жергілікті деңгейдегі медициналық денсаулық сақтау ұйымдарын материалдық-техникалық жарақтандыруға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер медициналық жабдықтар, медициналық мақсаттағы бұйымдар сатып алуға пайдаланылады.»;

көрсетілген Ереженің 1, 2-қосымшалары осы қаулының 2, 3-қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2009 жылғы 9 қыркүйектегі

№ 1335 қаулысына

1-қосымша

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2008 жылғы 18 желтоқсандағы

№ 1184 қаулысына

26-қосымша

 

Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының

бюджеттеріне Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісін

реформалау мен дамытудың 2005 - 2010 жылдарға арналған

мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға берілетін ағымдағы

нысаналы трансферттердің сомасын бөлу

 

мың теңге

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2009 жылғы 9 қыркүйектегі

№ 1335 қаулысына

2-қосымша

 

2009 жылға арналған республикалық бюджеттен

облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы

қалаларының бюджеттеріне денсаулық

сақтауға бөлінетін ағымдағы нысаналы

трансферттерді пайдалану ережесіне

1-қосымша

 

Конкурстың бірыңғай ұйымдастырушысы Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау министрлігі болып табылатын жергілікті

деңгейдегі медициналық ұйымдарды материалдық-техникалық

жарақтандыруға облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы

қалаларының бюджеттеріне берілетін ағымдағы нысаналы

трансферттердің шеңберінде 2009 жылы сатып алынатын медициналық

жабдықтардың және медициналық мақсаттағы бұйымдардың тізбесі

 

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2009 жылғы 9 қыркүйектегі

№ 1335 қаулысына

3-қосымша

 

2009 жылға арналған республикалық бюджеттен

облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы

қалаларының бюджеттеріне денсаулық

сақтауға бөлінетін ағымдағы нысаналы

трансферттерді пайдалану ережесіне

2-қосымша

 

2009 жылы облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының

бюджеттеріне жергілікті деңгейдегі денсаулық сақтау ұйымдарын

материалдық-техникалық жарақтандыруға берілетін ағымдағы

нысаналы трансферттердің сомаларын бөлу

мың теңге