«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 16 шілдедегі № 784 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 11 қыркүйектегі № 1348 Қаулысы (күші жойылды)

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 16 шілдедегі № 784 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 11 қыркүйектегі № 1348 Қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2023 жылғы 27 желтоқсандағы № 1195 Қаулысымен күші жойылды

 

«Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 29 наурыздағы № 828 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 27 шілдедегі № 852 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Қазақстан Республикасының Үкіметі тағайындайтын немесе онымен келісім бойынша тағайындалатын лауазымды адамдар бойынша кадр мәселелерін шешу тетігін жетілдірудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 16 шілдедегі № 784 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1-тармақта:

1) және 2) тармақшаларындағы «орталық және жергілікті атқарушы органдардың, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің мемлекеттік саяси қызметшілері мен өзге де басшы» деген сөздер «мемлекеттік саяси қызметшілер мен өзге де» деген сөздермен ауыстырылсын;

мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:

«3) Бірінші басшылары Премьер-Министрдің ұсынуы (ұсынымы) бойынша немесе онымен келісім бойынша қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын ұлттық холдингтердің, компаниялардың, даму институттарының, мемлекеттік жоғары оқу орындарының тізімі»;

2) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Үкіметі тағайындайтын немесе онымен келісім бойынша тағайындалатын орталық және жергілікті атқарушы органдардың, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің мемлекеттік саяси қызметшілері мен өзге де басшы лауазымды адамдары лауазымдарының тізбесі осы қаулының 1-қосымшасына жаңа редакцияда жазылсын;

3) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Үкіметі тағайындайтын немесе онымен келісім бойынша тағайындалатын орталық және жергілікті атқарушы органдардың, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің мемлекеттік саяси қызметшілерін және өзге де басшы лауазымды адамдарды қызметке келісу, қызметке тағайындау және қызметтен босату тәртібі туралы ережеде:

тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасының Үкіметі тағайындайтын немесе онымен келісім бойынша тағайындалатын мемлекеттік саяси қызметшілер мен өзге де лауазымды адамдарды қызметке келісу, қызметке тағайындау және қызметтен босату тәртібі туралы ереже»;

1-тармақтың бірінші абзацындағы «орталық және жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік саяси қызметшілерін және өзге де басшы» деген сөздер «мемлекеттік саяси қызметшілер мен өзге де» деген сөздермен ауыстырылсын;

4-тармақтың бірінші абзацындағы «Кадр саясаты бөліміне» деген сөздер «Мемлекеттік қызмет және кадр саясаты бөліміне» деген сөздермен ауыстырылсын;

«Ішкі істер, әділет, төтенше жағдайлар министрліктерінің және Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің органдары бойынша» деген тараудың тақырыбы және 5-тармақ алып тасталсын;

7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«7. Үкіметтің лауазымды адамдарды тағайындау және босату жөніндегі тиісті қаулыларының немесе оларды келісу жөніндегі қарарлардың жобаларын дайындауды, әдетте, Премьер-Министр Кеңсесінің Мемлекеттік қызмет және кадр жұмысы бөлімі жүзеге асырады.

Мемлекеттік және өзге де лауазымға тағайындау туралы ұсынысқа мынадай құжаттар қоса берілуі тиіс:

кадрлар есебі жөніндегі жеке парақ;

өмірбаян;

білімі, берілген ғылыми дәрежелер мен ғылыми атақтар туралы дипломдардың көшірмелері;

өмірбаяндық ақиқат анықтама;

мөлшері 4x6 см 4 фотосурет;

кандидаттың лауазымға орналасуы үшін арнайы тексеруден өткені туралы анықтама;

мемлекеттік қызметшінің мүлкін сенімді басқару шартының нотариалды куәландырылған көшірмесі (қажет болған кезде).

Мемлекеттік саяси қызметші орнынан түскен немесе ол өз еркімен қызметтен босаған жағдайда материалдарға мемлекеттік қызметшінің тиісті өтініші қоса беріледі.»;

4) осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес қосымшамен толықтырылсын.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2009 жылғы 11 қыркүйектегі

№ 1348 қаулысына

1-қосымша

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2002 жылғы 16 шілдедегі

№ 784 қаулысымен

бекітілген

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі тағайындайтын немесе онымен

келісім бойынша тағайындалатын саяси мемлекеттік қызметшілер

мен өзге де лауазымды тұлғалар лауазымдарының тізбесі

 

 

* - Бірінші басшылары Премьер-Министрдің ұсынысы (ұсынымы) бойынша немесе оның келісімі бойынша қызметке тағайындалатын немесе қызметтен босатылатын ұлттық холдингтердің, компаниялардың, даму институттарының, мемлекеттік жоғары оқу орындарының осы қаулымен бекітілген тізіміне сәйкес осы кадрлар «Мемлекеттік билік органдары жүйесіндегі кадр саясатының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 29 наурыздағы № 828 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің немесе оның тапсырмасы (бойынша оның Әкімшілігі Басшысының міндетті түрде келісімінен өтеді.

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2009 жылғы 11 қыркүйектегі

№ 1348 қаулысына

2-қосымша

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2002 жылғы 16 шілдедегі

№ 784 қаулысымен

бекітілген

 

Премьер-Министрдің ұсынысы (ұсынымы) немесе оның келісімі

бойынша бірінші басшылары қызметке тағайындалатын немесе

қызметтен босатылатын ұлттық холдингтердің, компаниялардың,

даму институттарының, мемлекеттік жоғары оқу орындарының тізімі

 

 

Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:

АҚ - акционерлік қоғам

ҰК - ұлттық компания