2009 жылға арналған республикалық бюджеттің көрсеткіштерін түзету туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 қыркүйектегі № 1403 Қаулысы
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 24 маусымдағы № 832 Жарлығын және «Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің индустриялық-инновациялық саясатты іске асырудағы оның үйлестіруші рөлін күшейту жөніндегі кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 20 шілдедегі № 1099 қаулысын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес 2009 жылға арналған республикалық бюджет көрсеткіштерін түзету жүзеге асырылсын.
2. «2009 - 2011 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 18 желтоқсандағы № 1184 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
12-1-тармақтың он үшінші абзацындағы «Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігіне» деген сөздер «Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігіне» деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетілген қаулының 1-қосымшасында:
07 «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық» деген функционалдық топта:
мына:
«