Мемлекеттік органдардың веб-сайтарын бағалау әдістемесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ақпаратандыру және байланыс агенттігі төрағасының
2007 жылғы 31 мамырдағы № 239-ө бұйрығы
Осы редакция 2009 жылғы 31 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Ақпараттандыру туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасының № 217-II Заңының 6-бабының 17-тармағына және Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының веб-сайттарының тиімді жұмыс істеуі үшін жағдайларды жасау мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік органдардың веб-сайттарын бағалау әдістемесі бекітілсін.
2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасының орынбасары Е.Д. Дұрмағамбетовке жүктелсін.
3. Осы бұйрық қол қойған күнінен бастап күшіне енеді.
| Төраға | Қ. Есекеев |
Ақпаратандыру және байланыс
агенттігі төрағасының
2007 жылғы 31 мамырдағы
№ 239-ө бұйрығымен бекітілген
Мемлекеттік органдардың веб-сайтарын бағалау әдістемесі
Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының веб-сайттарының жұмыс істеуін бағалауды Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі келесі айдың біріне дейін жүзеге асырады. Бағалаудың нәтижелері бойынша 1-қосымшаға сәйкес нысанда қорытынды беріледі.
Бағалауды жүргізу кезінде сайттың бар өлшемдері 2-кестеге сәйкес бағаланады, параметрлерінің жиыетығы бойынша жалпы балл есептелінеді. Жалпы баллдарының негізінде сайттарды бөлу жүргізіледі. Әдістеме сайттарды толығынан салыстыруға және жеке параметрлері бойынша озып шыққан сайттарды анықтауға мүмкіндік береді.
Веб-сайттың мазмұны келесі өлшемдер бойынша бағаланады:
1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандары - Мемлекеттік Туы, Мемлекеттік Елтаңбасы;
2) Мемлекеттік орган туралы жалпы ақпарат, оның ішінде: