2002-2006 жылдарға арналған "Қазақстан Республикасының фармацевтика
өнеркәсібін дамыту үшін бірегей фитопрепараттарды әзірлеу және өндіріске
енгізу" республикалық ғылыми-техникалық бағдарламасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 24 шілдедегі № 996 қаулысы
(2006.23.06. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2009 жылғы 19 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Отандық фармацевтика өнеркәсiбiн дамытуды ғылыми-техникалық қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі
ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса берiлiп отырған 2002-2006 жылдарға арналған "Қазақстан Республикасының фармацевтика өнеркәсiбiн дамыту үшiн бiрегей фитопрепараттарды әзiрлеу және өндiрiске енгізу" республикалық ғылыми-техникалық бағдарламасы бекітілсiн.
2. "Республикалық мақсатты ғылыми-техникалық бағдарламалар туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 26 мамырдағы № 434 қаулысына мынадай өзгерiс енгiзiлсiн:
көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық мақсатты ғылыми-техникалық бағдарламалар тiзбесiндегі 9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"9. 2002-2006 жылдарға арналған "Қазақстан Республикасының фармацевтика өнеркәсібін дамыту үшін бірегей фитопрепараттарды әзірлеу және өндіріске енгізу".
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2001 жылғы 24 шілдедегі № 996 қаулысымен
бекітілген
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТЕХНИКАЛЫҚ
БАҒДАРЛАМА
2002-2006 жылдарға арналған
"Қазақстан Республикасының фармацевтика өнеркәсібін дамыту
үшін бірегей фитопрепараттарды әзірлеу және өндіріске енгізу"
ҚР Үкіметінің 01.04.03 ж. № 315 (бұр. ред. қара); 03.02.04 ж. № 132 (бұр. ред. қара); 2006.23.06. № 576 (бұр.ред.қара) қаулыларымен 1-бөлім өзгертілді
1. БАҒДАРЛАМАНЫҢ ПАСПОРТЫ
Атауы Қазақстан Республикасының фармацевтика өнеркәсібін дамыту