«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 3 тамыздағы № 1176 және 2002 жылғы 5 сәуірдегі № 407 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 13 қазандағы № 1589 Қаулысы (2020.31.12. берілген өзгерістермен) (күші жойылды)

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 3 тамыздағы № 1176 және 2002 жылғы 5 сәуірдегі № 407 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 13 қазандағы № 1589 Қаулысы

(2020.31.12. берілген өзгерістермен)

 

ҚР Үкіметінің 2024 жылғы 20 қарашадағы № 971 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1) ҚР Үкіметінің 2020.31.12. № 960 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)

2) «Күзет қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 5 сәуірдегі № 407 қаулысында:

1-тармақтың 2) тармақшасындағы «үлгілері» деген сөзден кейін «;» белгісі қойылып, мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:

«3) күзетшіні мамандандырылған оқу орталықтарында (күзетшіні арнайы оқыту курсында) арнайы даярлау мазмұны, бағдарламасы және біліктілік талаптары»;

3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Жеке күзет ұйымының, жеке кәсіпкер мен заңды тұлғаның күзет бөлімшесінің, мемлекеттік органның ведомстволық күзет бөлімшесінің қызметкерлері санының мынадай нормативтері:

1) стационарлық объектілерді күзету кезінде:

бір тәуліктік күзет постына 4,5 күзетшісі аспайтын штат бірліктен;

он екі сағаттық бір күзет постына 2,25-тен аспайтын штат күзет бірлігі;

сегіз сағаттық бір күзет постына 1,5-тен аспайтын штат күзет бірлігі;

күзетілетін объектілерден түсетін шақыруларға қызмет көрсететін жеке күзет ұйымының бір тәуліктік ұтқыр тобына (жедел ден қою тобына) 13,5-тен аспайтын штат күзет бірлігі;

2) магистральдық құбырларды күзету кезінде:

айланып өтетін жолдарды, жер бедерінің күрделілігін, трасса жолының бойын, елді мекендерден алыстықты, желілік бөлігін техникалық құралдармен қорғауды, ауданға төнетін қауіп пен криминалдық қауіп-қатерді талдауды ескере отырып, магистральдық мұнай құбырының желілік бөлігінің 40 - 80 километріне бір тәуліктік ұтқыр топ;

күзетілетін магистральді газ құбырының желілік бөлігі трассасының 100 - 160 километріне бір тәуліктік ұтқыр топ бекітілсін;

3) темір жол және автомобиль көлігімен тасымалданатын жүктерді күзету кезінде күзетшілердің саны стационарлық объектілерді күзету үшін орнатылған нормативтер шегінде шарт талаптарымен белгіленеді.»;

көрсетілген қаулымен бекітілген мемлекеттік органдардың күзет бөлімшелері және ведомстволық күзет бөлімшелері пайдаланатын арнайы қорғау құралдары мен арнайы техникалық құралдардың тізбесінде:

1-тармақ мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:

«5) қол кісендері.»;

ескертпеде:

2-тармақ алынып тасталсын;

осы қаулының қосымшасына сәйкес қосымшамен толықтырылсын.

2. Осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін отыз күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2009 жылғы 13 қазандағы

№ 1589 қаулысына

Қосымша

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2002 жылғы 5 сәуірдегі

№ 407 қаулысымен

Бекітілген

 

Күзетшіні мамандандырылған оқу орталықтарында арнайы даярлау

мазмұны, бағдарламасы және біліктілік талаптары

 

Күзетші, басшы лауазымдарындағы жеке күзетшілерді, күзет қызметі субъектілерінің қызметкерлерін даярлау және қайта даярлау Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін және мынадай біліктілік талаптарына сай келетін мамандандырылған оқу орталықтарында жүргізіледі:

сабақтар өткізу үшін санитарлық нормаларға сәйкес келетін үй-жайлардың болуы;

оқыту бағдарламасында көзделген арнайы және техникалық құралдардың болуы;

атыс даярлығы бойынша сабақтар өткізу үшін арнайы жабдықталған атыс тирінің болуы;

оқытылатын пәнге сәйкес біліктілігі мен білім беру деңгейі бар оқытушылар құрамының болуы.

Бір оқыту курсының ұзақтығы өзінің функцияларын ішкі және сыртқы посттарда атқаратын жеке күзетшілер, күзетшілер және жеке күзет ұйымының, жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың күзет бөлімшесінің, мемлекеттік органдардың ведомстволық күзет бөлімшесінің басшылары үшін 99 оқу сағатын, жеке адамдардың өмірі мен денсаулығын қорғауды жүзеге асыратын күзетшілер үшін - 146 оқу сағатын құрайды.

Өзінің функцияларын ішкі және сыртқы посттарда атқаратын күзетшілерді арнайы оқыту курсының бағдарламасына мынадай пәндер енгізіледі:

құқықтық білім негіздері - 10 сағат;

қызметтік даярлық - 19 сағат;

арнайы техника және байланыс негіздері - 4 сағат;

криминалистика - 8 сағат;

атыс даярлығы - 24 сағат;

арнайы дене шынықтыру даярлығы - 20 сағат;

медициналық даярлық - 4 сағат;

терроризмге қарсы даярлық - 10 сағат.

 

 

Өзінің функцияларын ішкі және сыртқы посттарда атқаратын күзетшілерді даярлаудың оқу жоспары

 

 

 

Жеке күзет ұйымдарының, жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың күзет бөлімшелерінің, мемлекеттік органдардың ведомстволық күзет бөлімшелерінің басшыларын арнайы оқыту курсының бағдарламасына мынадай пәндер енгізіледі:

құқықтық білім негіздері - 32 сағат;

жеке күзет ұйымының, бөлімшенің жұмысын ұйымдастыру негіздері - 39 сағат;

жеке күзет ұйымының, бөлімшесінің қызметкерлерін кәсіби даярлау негіздері - 12 сағат;

психологиялық даярлық - 6 сағат;

терроризмге қарсы даярлық - 10 сағат.

 

 

Жеке күзет ұйымдарының, жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың

күзет бөлімшелерінің, мемлекеттік органдардың ведомстволық

күзет бөлімшесінің басшыларын даярлаудың оқу жоспары

 

 

 

Жеке адамдардың өмірі мен денсаулығын қорғауды жүзеге асыратын күзетшілерді арнайы оқыту курсының бағдарламасына мынадай пәндер енгізіледі:

құқықтық білім негіздері - 10 сағат;

арнайы-тактикалық (оның ішінде терроризмге қарсы) даярлық - 36 сағат;

арнайы техника және байланыс негіздері - 4 сағат;

криминалистика — 4 сағат;

атыс даярлығы - 34 сағат;

арнайы дене шынықтыру даярлығы - 34 сағат;

медициналық даярлық - 4 сағат;

кәсіби-қолданбалы тренингтер - 12 сағат;

кешенді оқыту - 8 сағат.

 

 

Жеке адамдардың өмірі мен денсаулығын қорғауды жүзеге асыратын

күзетшілерді даярлаудың оқу жоспары

 

 

 

Күзетшілердің біліктілігін арттыру жыл сайын лауазымда үзіліссіз жұмыс өтілі болған жағдайда және бір жылдан артық өтілі үзілген жағдайда жұмысқа қайта қабылдаған кезде жүргізіледі. Бұл ретте біліктілікті арттырудың ұзақтығы ішкі және сыртқы посттарда қызмет өткеретін күзетшілер үшін - 36 оқу сағатын, азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғауды жүзеге асыратын күзетшілер үшін - 72 оқу сағатын құрайды. Жеке күзет ұйымының, жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың күзет бөлімшелерінің, мемлекеттік органдардың ведомстволық күзет бөлімшелерінің басшылары лауазымда үзіліссіз жұмыс өтілі болған жағдайда екі жылда бір рет ұзақтығы 19 оқу сағат біліктілігін арттырудан өтеді.

Өзінің функцияларын ішкі және сыртқы посттарда атқаратын күзетшілердің біліктілігін арттыру арнайы курсының бағдарламасына мынадай пәндер енгізіледі:

құқықтық даярлық - 8 сағат;

қызметтік даярлық - 14 сағат;

криминалистика - 4 сағат;

атыс даярлығы - 6 сағат;

медициналық даярлық - 2 сағат;

терроризмге қарсы даярлық - 2 сағат.

 

 

Өзінің функцияларын ішкі және сыртқы посттарда атқаратын күзетшілердің біліктілігін арттырудың оқу жоспары