«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 15 желтоқсандағы № 1324 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 23 қазандағы № 1655 Қаулысы (күші жойылды)

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 15 желтоқсандағы № 1324 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 23 қазандағы № 1655 Қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2025 жылғы 27 маусымдағы № 480 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Жергілікті атқарушы органдардың штат санының лимиттерін бекітудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 15 желтоқсандағы № 1324 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 49, 627-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулының 1-қосымшасында:

«Облыстың, Алматы, Астана қалаларының әкімі орынбасарларының саны (бірлік)» деген бағанда:

«Шығыс Қазақстан» деген жолдағы «4» деген сан «5» деген санмен ауыстырылсын;

«ЖИЫНЫ:» деген жолдағы «69» деген сандар «70» деген сандармен ауыстырылсын.

2. Шығыс Қазақстан облысының әкімі:

1) өзінің бұрын шығарған актілерін осы қаулыға сәйкес келтірсін;

2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.