Азаматты туберкулездің жұқпалы түрімен ауырады деп тану мақсатында медициналық тексеруді өткізу ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 30 қыркүйектегі № 481 Бұйрығы
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 23 қыркүйектегі № ҚР ДСМ-107/2020 бұйрығымен күші жойылды
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 106-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Азаматты туберкулездің жұқпалы түрімен ауырады деп тану мақсатында медициналық тексеруді өткізу ережесі бекітілсін.
2. Облыстардың, Астана және Алматы қалалары денсаулық сақтау басқармаларының басшылары осы бұйрықты орындасын.
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Стратегия және денсаулық сақтау саласын дамыту департаменті (Айдарханов А.Т.) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін.
4. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Әкімшілік-құқықтық жұмыс департаменті (Бисмильдин Ф.Б.) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде оны мемлекеттік тіркегеннен кейін ресми жариялауға жіберсін.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Денсаулық сақтау вице-министрі Т.А. Вощенковаға жүктелсін.
6. Осы бұйрық оны алғаш ресми жариялаған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.