«2009 жылы жекешелендіруге жататын Солтүстік Қазақстан облысы коммуналдық меншік объектілерінің тізбесін бекіту туралы» облыс әкімдігінің 2009 жылғы 20 сәуірдегі № 101 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2009 жылғы 27 қазандағы № 285 қаулысы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңы 27-бабы 1-тармағы 2) тармақшасына, «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213 Заңының 28-бабына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «2009 жылы жекешелендіруге жататын Солтүстік Қазақстан облысы коммуналдық меншік объектілерінің тізбесін бекіту туралы» облыс әкімдігінің 2009 жылғы 20 сәуірдегі № 101 қаулысына (мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі 1711, «Солтүстік Қазақстан» газетінің 2009 жылғы 17 маусымдағы № 72-74, «Северный Казахстан» газетінің 2009 жылғы 17 маусымдағы № 72-73 сандарында жарияланған) келесі толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасы қосымшаға сәйкес 840-950 жолдарымен толықтырылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары А.М.Чженге жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімінің м.а. | Ж. Смаилов |
әкімдігіне қаулысына қосымша
2009 жылғы 27 қазандағы № 285
2009 жылы жекешелендіруге жататын Солтүстік Қазақстан облысының коммуналдық меншік нысандарының тізбесіне енгізілетін қосымша
№ р/с | Нысан атауы | Нысан саны | Баланс ұстаушы | Орналасқан жері |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
840 | «ГАЗ-3110» автомобилі, 1998 жылы шығарылған, мемлекеттік нөмірі Т 988 АО | 1 | «Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Белое селолық округі әкімінің аппараты» Мемелекеттік мекемесі | Мамлют ауданы, Белое селосы |
841 | Бұрынғы мұражай ғимараты | 1 | «Шал ақын ауданы Сергеевка қаласының әкім аппараты» мемлекеттік мекемесі | Шал ақын ауданы, Сергеевка қаласы, Д.Шопанов көшесі, 9 |