Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 20 наурыздағы № 358 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 17 қарашадағы № 1859 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Кеден қызметін дамыту жобасы жөніндегі Байқау комитетін құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 20 наурыздағы № 358 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Кеден қызметін дамыту жобасы жөніндегі Байқау комитетінің құрамы осы қаулыға қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген Кеден қызметін дамыту жобасы жөніндегі Байқау комитеті туралы ережеде:
13-тармақта «ашық дауыс беру» деген сөздер «дауыс беру немесе сырттай дауыс беру» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 13-1, 13-2 және 13-3-тармақтармен толықтырылсын:
«13-1. Сырттай дауыс беру Байқау комитеті төрағасының немесе Байқау комитеті төрағасы орынбасарының тапсырмасы бойынша өткізіледі.
13-2. Байқау комитеті мүшелерінің сырттай дауыс беру мерзімі жоба бойынша материалдарды дауыс беру үшін таратқан күнінен бастап 3 жұмыс күнінен аспауға тиіс. Қажет болған кезде Байқау комитетінің төрағасы немесе Байқау комитеті төрағасының келісімі бойынша Байқау комитеті төрағасының орынбасары сырттай дауыс беру мерзімдерін қысқартуы мүмкін.
13-3. Сырттай дауыс беру мерзімі аяқталғанға дейін Байқау комитетінің мүшелері жұмыс органына жазбаша жауаптар жібереді, онда өздерінің пікірін білдіреді. Жазбаша жауап көрсетілген мерзімде берілмеген жағдайда Байқау комитетінің мүшесі жобаны қабылдауға дауыс берді деп саналады. Дауыс беру Байқау комитетінің мүшелерін ауыстыру құқығынсыз жүзеге асырылады.».
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
Үкіметінің
2009 жылғы 17 қарашадағы
№ 1859 қаулысына
Қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 20 наурыздағы
№ 358 қаулысымен
бекітілген
Кеден қызметін дамыту жобасы жөніндегі Байқау комитетінің құрамы
| Жәмішев Болат Бидахметұлы
| - Қазақстан Республикасының Қаржы министрі, төраға |
| Кәрбозов Қозы-Көрпеш Жапарханұлы
| - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің төрағасы, төрағаның орынбасары |
| Сүкіров Нұрболат Николайұлы | - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті жаңғырту және перспективалық даму басқармасының бастығы, хатшы |
| Есекеев Қуанышбек Бақытбекұлы
| - Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің төрағасы |
| Дәленов Руслан Ерболатұлы
| - Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі |
| Сүлейменов Серік Ирмашұлы | - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы |
| Жансүгіров Болат Амангелдіұлы
| - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік бақылау комитеті төрағасының орынбасары |
| Қыпшақов Арғын Мықтыбайұлы
| - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитеті төрағасының орынбасары |
| Сәдуақасов Нұрқан Олжабайұлы | - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті төрағасының орынбасары |
| Күнтубаев Думан Жаппарбекұлы | - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Ақпараттық технологиялар департаментінің директоры |
| Әлімбетова Әлия Назымбекқызы
| - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Сыртқы сауда саясаты департаменті директорының орынбасары |
| Қасымова Индира Базарқанқызы
| - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Халықаралық қатынастар департаменті директорының орынбасары |
| Кучерова Светлана Александровна | - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Қорғанысты, құқық қорғау жүйесін және мемлекеттік органдарды дамыту департаменті директорының орынбасары |
| Тулубаев Сергей Анатольевич | - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің Шекаралық бақылау бас басқармасы бастығының орынбасары |
| Шабанова Әсел Нәжімқызы | - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Халықаралық қатынастар департаменті халықаралық ынтымақтастық басқармасының бас сарапшысы |
| Аханова Салтанат Мұзарафқызы
| - Қазақстан Республикасы Сауда-өнеркәсіп палатасының вице-президенті (келісім бойынша) |
| Никитинская Екатерина Сергеевна | - «Атамекен» Одағы» Қазақстан ұлттық экономикалық палатасы» заңды тұлғалар бірлестігі төрағасының бірінші орынбасары (келісім бойынша) |
| Рахымжанова Арман Дәуітқызы | - Қазақстан кәсіпкерлер форумы атқарушы директорының орынбасары (келісім бойынша) |