(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ Х СЕССИЯСЫН...

2009 жылға арналған облыстық бюджет туралы
Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының Х сессиясының 2008 жылғы 19 желтоқсандағы № 10/129-IV шешімі

(2009.14.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Осы редакция 2009 жылғы 16 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

2004 жылғы 24 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 80, 85-баптарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына, «Республикалық және облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттері арасындағы 2008-2010 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі туралы», «2009-2011 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2009.06.02 № 11/145-IV шешімімен (бұр.ред.қара); 2009.17.04. № 13/153-IV шешімімен (бұр.ред.қара); 2009.14.07. № 14/179-IV шешімімен (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда

1. 2009 жылға арналған облыстық бюджет 1 қосымшаға сәйкес мынадай көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер - 107554311,5 мың теңге, соның ішінде:

салықтық түсімдер - 15713386,9 мың теңге;

салықтық емес түсімдер - 1060431,0 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 0,0 мың теңге;

трансферттердің түсімдері - 90780493,6 мың теңге;

2) шығындар - 107664359,9 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредит беру - 50771,0 мың теңге, соның ішінде:

бюджеттік кредиттер - 1123000,0 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу - 1072229,0 мың теңге;

4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо -  361718,3 мың теңге, соның ішінде:

қаржы активтерін сатып алу - 361718,3 мың теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0,0 мың теңге;

5) бюджет тапшылығы - -522537,7 мың теңге;

6) тапшылықты қаржыландыру - 522537,7 мың теңге.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.