Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің 2009 жылғы 11 ақпандағы № 46 бұйрығы
«Нормативтік кұқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 40-бабынасәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын
2. Облыстардың, Астана, Алматы қалаларының және көліктегі ішкі істер департаменттерінің бастықтары осы бұйрықты жеке құрамның назарына жеткізсін.
3. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Жол полициясы комитеті:
1) нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінен алып тастау үшін осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жіберсін;
2) осы бұйрықтың мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ішкі істер вице-министрі полиция полковнигі О.А.Федоровқа және Қазақстан Республикасы Ішкі істtр министрлігінің Жол полициясы комитетіне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізеді.