Халықтың паллиативтік көмек және мейірбике күтімі көрсетілуге тиіс санаттарының тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 қарашадағы № 1938 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 5 маусымдағы № 410 Қаулысымен күші жойылды
«Халықтың паллиативтік көмек және мейірбике күтімі көрсетілуі тиіс санаттарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 96 бұйырығын қараңыз
«Халық денсаулығы мен денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексін іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған халықтың паллиативтік көмек және мейірбике күтімі көрсетілуге тиіс санаттарының тізбесі бекітілсін.
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.