«Эпидемиялық маңызды объектілер тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2009 жылғы 9 қарашадағы № 669 Бұйрығы (күші жойылды)

Эпидемиялық маңызды объектілер тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2009 жылғы 9 қарашадағы № 669 Бұйрығы

 

ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2010 жылғы 26 қазандағы № 838 бұйрығымен күші жойылды

 

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексіне сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Осы бұйрыққа қоса беріліп отырған эпидемиялық маңызды объектілер тізбесі бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті (Қ.С.Оспанов) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін.

3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Әкімшілік-құқықтық жұмыс департаменті (Ф.Б. Бисмильдин) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оны ресми жариялауға жіберсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Т.А. Вощенковаға жүктелсін.

5. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Қазақстан Республикасының

Денсаулық сақтау министрі

міндетін атқарушының

2009 жылғы 9 қарашадағы

№ 669 бұйрығымен бекітілген

қосымша

 

Эпидемиялық маңызды объектілері тізбесі

 

1 топ - эпидемиялық жоғары маңызды объектілері:

1) қоғамдық тамақтану объектілері;

2) балалар сауықтыру объектілері (маусымдық);

3) кондитерлік крем бұйымдарын өндіру бойынша;

4) балалар сүт асханалары;

5) перинатальды орталықтар және босану бөлімшелері, гинекологиялық бөлімшелер, хирургиялық стационарлар, бөлімшелер, операциялық блоктар, кабинеттер;

6) жұмсақ балмұздақ өндіру бойынша объектілері;

7) сәбилер үйі, балалар үйі, мектепке дейінгі және интернаттық объектілері.

2 топ - эпидемиялық орта маңызды объектілері:

1) азық-түлік саудасы объектілері;

2) сүт өңдеу объектілері;

3) базарлар;

4) ет өңдеу объектілері;

5) балық өңдеу объектілері;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.