Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне қаржы нарығын және қаржы ұйымын реттеу мен қадағалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009 жылғы 2 қарашадағы № 230 Қаулысы
(2012.27.07. берілген өзгерістермен)
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 22 қазандағы № 196 Қаулысымен күші жойылды
Қаржы ұйымдарының есептілікті ұсыну тәртібін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.27.07. № 224 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
2. ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 2012.24.02. № 85 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
3. Агенттік Басқармасының «Клиенттер мен инвестициялық портфельді басқарушылардың меншікті активтерін инвестициялау туралы жасалған мәмілелердің есебін ұсыну жөніндегі ережені бекіту туралы» 2005 жылғы 28 мамырдағы № 165 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3700 тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Клиенттер мен инвестициялық портфельді басқарушылардың меншікті активтерін инвестициялау туралы жасалған мәмілелердің есебін ұсыну жөніндегі ережеде:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Инвестициялық портфельді басқарушы қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға (бұдан әрі - уәкілетті орган) қағаз және электронды тасымалдағышта есептік айдан кейінгі айдың бесінші жұмыс күнінен кешіктірмей ай сайын мыналарға:
өткен айдың әр жекелеген жұмыс күні үшін Клиенттер (активтері инвестициялық басқарудағы әр клиенттер бөлігінде) мен инвестициялық портфельді басқарушылардың меншікті активтерін инвестициялау туралы жасалған мәмілелердің есебін ұсыну жөніндегі ереженің 1, 2 (1, 2-нысандарды), 3-қосымшаларына сәйкес;