Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 16 маусымдағы № 586 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 қарашадағы № 1967 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Өркен» акционерлік қоғамының директорлар кеңесінің құрамы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 16 маусымдағы № 586 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулыға қосымшада:
мына:
| «Шәмшидинова Күләш Ноғатайқызы
| - Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі» |
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
| «Шәмшидинова Күләш Ноғатайқызы | - «Өркен» акционерлік қоғамының басқарма төрайымы»;
|
мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:
| «Қуанғанов Фархад Шаймұратұлы
| - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің жауапты хатшысы
|
| Келімбетов Қайрат Нематұлы | - Самұрық-Қазына ұлттық әл-ауқат коры» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы»; |
мына:
| «Өтеулина Хафиза Мұхтарқызы | - «Өркен» акционерлік қоғамының басқарма төрайымы»; |
деген жол алынып тасталсын.
2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бір ай мерзімде тәуелсіз директордың кандидатурасы бойынша ұсыныс енгізсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |