«Назарбаев Зияткерлік мектептері» акционерлік қоғамының директорлар кеңесінің құрамы туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 16 маусымдағы № 586 Қаулысы (2010.08.09. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» акционерлік қоғамының директорлар кеңесінің құрамы туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 16 маусымдағы № 586 Қаулысы

(2010.08.09. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

ҚР Үкіметінің 2010.08.09. № 911 Қаулысымен тақырыбы өзгертілді (бұр.ред.қара)

 

«Өркен» акционерлік қоғамын құру және Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 13 мамырдағы № 452 қаулысын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

ҚР Үкіметінің 2010.08.09. № 911 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі:

1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыға қосымшаға сәйкес «Назарбаев Зияткерлік мектептері» акционерлік қоғамының директорлар кеңесінің құрамын сайлауды қамтамасыз етсін;

2) екі ай мерзімде үш тәуелсіз директорлардың кандидатурасы бойынша ұсыныс енгізсін.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов

 

ҚР Үкіметінің 2009.06.08. № 1184 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2009.30.11. № 1967 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2010.19.03. № 221 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2010.08.09. № 911 Қаулысымен (бұр.ред.қара) қосымша өзгертілді

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2008 жылғы 16 маусымдағы

№ 586 қаулысына

қосымша

 

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» акционерлік қоғамының

 директорлар кеңесі

 

Сарыбеков

Махметғали Нұрғалиұлы

 

- Қазақстан Республикасының  Білім және ғылым вице-министрі»;

 

Келімбетов

Қайрат Нематұлы

- Самұрық-Қазына ұлттық әл-ауқат коры» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы

 

Орынбаев

Ербол Тұрмаханұлы

- Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, төраға

 

Сұлтанов

Бақыт Тұрлыханұлы

- Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі

 

Кармазина

Лена Мағауияқызы

- Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі

 

Даленов

Руслан Ерболатұлы

- Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі

 

Шәмшидинова

Күләш Ноғатайқызы

- «Өркен» акционерлік қоғамының басқарма төрайымы

 

 

Әшімбаев

Мәулен Сағатханұлы

 

- Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары

 

Сәрінжіпов

Аслан Бәкенұлы

- «Назарбаев, Университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамның президенті

 

Томас Кучера

 

- тәуелсіз директор

 

Чарман Кеннес Пол

 

- тәуелсіз директор

 

Мурзабекова

Светлана Викторовна

- тәуелсіз директор

 

 

Даниэль Бэстиэн

- тәуелсіз директор