«Ғылыми-медициналық сараптама жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 12 қарашадағы № 696 Бұйрығы (күші жойылды)

Ғылыми-медициналық сараптама жүргізу ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 12 қарашадағы № 696 Бұйрығы

 

ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2013 жылғы 10 шілдедегі № 397 бұйрығымен күші жойылды

 

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы 2009 жылғы 18 қыркүйектегі кодексінің 64-бабының 2-тармағын орындау үшін БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған ғылыми-медициналық сараптама жүргізу ережесі бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ғылым және адами ресурстар департаменті (Н.Қ. Хамзина) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін.

3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Әкімшілік-құқықтық жұмыс департаменті (Ф.Б. Бисмильдин) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.

4. «Ғылыми-медициналық сараптама жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2003 жылғы 8 қыркүйектегі № 661 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2005 жылғы 22 қыркүйектегі № 467 бұйрығымен (№ 3888 нормативтік-құқықтық актілерінің реестрінде тіркелген, «Юридическая газетаның» 2005 жылға 23 қарашадағы № 217 (951) нөмірінде жарияланған) өзгерістер енгізілген «Ғылыми-медициналық сараптама жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2003 жылғы 8 қыркүйектегі № 661 бұйрығының (№ 2511 нормативтік-құқықтық актілерінің тізілімінде тіркелген, «Официальная газетаның» 2003 жылғы 25 қазандағы № 43 (148) нөмірінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Е.А. Біртановқа жүктелсін.

6. Осы бұйрық оның ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.

 

 

 

Қазақстан Республикасы

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.