Мұнай және табиғи көмірсутек газы кен орындарының қорларын, перспективалық
және болжамдық ресурстарын сыныптау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің 2005 жылғы 27 қазандағы № 283 Бұйрығы
Осы редакция 2009 жылғы 30 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің "Заңға тәуелді актілерді жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" 2004 жылғы 20 наурыздағы № 77-ө өкімін орындау үшін бұйырамын:
1. Қоса беріліп отырған Мұнай және табиғи көмірсутек газы кен орындарының қорларын, перспективалық және болжамдық ресурстарын сыныптау жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.
2. Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 463 тіркелген Қазақстан Республикасының Энергетика және табиғи ресурстар министрінің "Мұнай және табиғи көмірсутек газы кен орындарының қорларын, перспективалық және болжамдық ресурстарын сыныптауды бекіту туралы" 1997 жылғы 13 тамыздағы № 99 бұйрығының күші жойылды деп танылсын.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің төрағасы Б. Өжкеновке жүктелсін.
4. Осы бұйрық оның ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Министрдің
міндетін атқарушы
Энергетика және минералдық
ресурстар министрінің
2005 жылғы 27 қазандағы
№ 283 бұйрығымен
бекітілген
Мұнай және табиғи көмірсутек газы кен орындарының
қорларын, перспективалық және болжамдық ресурстарын
сыныптау жөніндегі
НҰСҚАУЛЫҚ
1. Жалпы ережелер
1. Бұл нұсқаулық мұнай, табиғи көмірсутекті газ (бостан газ, мұнайүсті бүркенбе газдың газы және мұнайда еріген газдар) және конденсат қорлары мен ресурстарын зерделеудің (зерттеудің), олардың зерделену (зерттелу) дәрежесіне, игерілуіне қарай жер қойнауында мемлекеттік есепке алудың бірыңғай қағидаларын белгілейді.