Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесiнiң паспортының нысанын және
Паспортты әзiрлеу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы Қазақстан
Республикасының Жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттігі төрағасының 2003 ж. 11 тамыздағы № 62-ө бұйрығы
Осы редакция 2009 жылғы 26 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Жер кодексiне сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса берiлiп отырған:
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесiнiң паспортының нысаны (осы бұйрыққа 1-қосымша);
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесiнiң паспортын әзiрлеу жөніндегі нұсқаулық (осы бұйрыққа 2-қосымша) бекітілсiн.
2. Осы бұйрық белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігіне мемлекеттік тiркеуге жiберiлсiн.
3. Осы бұйрықтың орындалуын қадағалау төрағаның орынбасары Қ.Ө.Раймбековке жүктелсiн.
Төраға
Қазақстан Республикасының
Жер ресурстарын басқару
жөніндегі агенттігі
төрағасының
2003 жылғы 11 тамыздағы
"Ауыл шаруашылығы мақсатындағы
жер учаскесінің паспортының
нысанын және Паспортты
әзірлеу жөніндегі нұсқаулықты
бекіту туралы"
№ 62-ө бұйрығымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының
Жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттігі
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы
жер учаскесінің
Паспорты
Астана қаласы, 2003 жыл
Жалпы деректер
Жер учаскесiнiң меншiк иесi, жер пайдаланушы ______________________
___________________________________________________________________
(азаматтың фамилиясы, аты, әкесiнiң аты немесе
___________________________________________________________________
заңды тұлғаның толық атауы, мекен-жайы)
Жер учаскесiнiң кадастрлық нөмiрi (код) ___________________________
Жер учаскесiнiң көлемi ____________________ га.
Жер учаскесiне құқығын куәландыратын құжат ________________________
___________________________________________________________________
(акт, келісім шарт)
___________________________________________________________________