«Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 25 қаңтардағы № 90 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 8 желтоқсандағы № 2039 Қаулысы (күші жойылды)

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 25 қаңтардағы № 90 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 8 желтоқсандағы № 2039 Қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2017 жылғы 31 тамыздағы № 529 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Халықаралық ғылыми-техникалық орталықтың (ХҒТО) жобаларын жүзеге асыруға байланысты қызметті үйлестіру жөніндегі ведомствоаралық ғылыми-техникалық кеңес құру туралы» Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 25 қаңтардағы № 90 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Халықаралық ғылыми-техникалық орталықтың жобаларын жүзеге асыруға байланысты қызметті үйлестіру жөніндегі ведомствоаралық ғылыми-техникалық кеңестің құрамы осы қаулының қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын;

көрсетілген қаулымен бекітілген Халықаралық ғылыми-техникалық орталықтың жобаларын жүзеге асыруға байланысты қызметті үйлестіру жөніндегі ведомствоаралық ғылыми-техникалық кеңес туралы ережеде:

бүкіл мәтін бойынша «Энергетика және минералдық ресурстар» деген сөздер «Білім және ғылым» деген сөздермен ауыстырылсын.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

                                    

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2009 жылғы 8 желтоқсандағ

№ 2039 қаулысына

қосымша

 

Қазақстан Республикасы

Министрлер Кабинетінің

1995 жылғы 25 қаңтардағы

№ 90 қаулысымен

бекітілген

 

Халықаралық ғылыми-техникалық орталықтың жобаларын

жүзеге асыруға байланысты қызметті үйлестіру жөніндегі

ведомствоаралық ғылыми-техникалық кеңестің

құрамы