(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) АҚТӨБЕ ОБЛЫСТЫҚ ӘКІМИЯТЫНЫҢ 2008.30.05 № 195 ҚАУЛЫСЫ

Жекешелендіруге ұсынылып отырған объектілердің тізбесін бекіту туралы
Ақтөбе облыстық әкімиятының 2008 жылғы 30 мамырдағы № 195 қаулысы

(2009.30.03. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

Осы редакция 2009 жылғы 18 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Жекешелендіру туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 23 желтоқсандағы № 2721 Заңына, «Коммуналдық меншік объектілерін жекешелендіру мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 21 қыркүйектегі № 1431 қаулысына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 27 бабына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Жекешелендіруге ұсынылып отырған объектілердің тізбесі қосымшаға сәйкес бекітілсін.

2. «Ақтөбе облыстық қаржы департаменті» ММ (С. Еңсегенұлы) мемлекеттік коммуналдық меншік объектілерінің тізіліміне тиісті өзгерістер енгізсін.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары М. Серікбаевқа жүктелсін.

4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Ақтөбе облыстық әкімиятының 2009.30.03. № 102 қаулысымен қосымша өзгертілді (бұр.ред.қара)

 

Ақтөбе облысы әкімдігінің

2008 жылғы 30 мамырдағы

№ 195 қаулысына

қосымша

 

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.