Кәсіптік қызметтің жекелеген түрлерін, сондай-ақ жоғары қауіп көзіне байланысты жұмысты жүзеге асыруға арналған медициналық психиатриялық қарсы айғақтар тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 4 желтоқсандағы № 2015 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 17 маусымдағы № 442 Қаулысымен күші жойылды
«Кәсіптік қызметтің жекелеген түрлерін, сондай-ақ жоғары қауіп көзімен байланысты жұмыстарды жүзеге асыруға арналған медициналық психиатриялық қарсы көрсетілімдер тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 188 бұйрығын қараңыз
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 117-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған кәсіптік қызметтің жекелеген түрлерін, сондай-ақ жоғары қауіп көзіне байланысты жұмысты жүзеге асыруға арналған медициналық психиатриялық қарсы айғақтар тізбесі бекітілсін
2. «Кәсіптік қызметтің жекелеген түрлерін, сондай-ақ аса қатерлі көздермен байланысты жұмыстарды жүзеге асыру үшін медициналық психиатриялық жарамсыздықтар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 18 маусымдағы № 668 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 18, 201-құжат) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізіледі.