Экспорт режимінде Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тауарларды әкету фактісін кеден органдарының растауы туралы мәліметтер нысаны мен оларды тапсыру тәртібін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2009 жылғы 17 сәуірдегі № 163 бұйрығы
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 635-бабы 3-тармағына және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабы 6-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыкқа қосымшаға сәйкес Экспорт режимінде Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тауарлар әкету фактісін кеден органдарының растауы туралы мәліметтер нысаны бекітілсін.
2. Салық органдары осы бұйрықтың 1-тармағында көрсетілген нысан бойынша мәліметтерді тапсыру туралы сұрау салуларды тиісті кеден органдарына қайтаруға ұсынылған қосылған құн салығы сомаларының дұрыстығын растау бойынша салық тексеруі басталған күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде жіберуді қамтамасыз етсін.
3. Кеден органдары осы бұйрықтың 1-тармағында көрсетілген нысан бойынша мәліметтерді сұрау салуларды алған күннен 15 жұмыс күні ішінде сұрау салу жіберген салық органына тапсыруды қамтамасыз етсін.
4. «Экспорт режимінде Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тауарлар әкету фактісін кеден органдарының растауы туралы мәліметтер нысаны мен оларды тапсыру тіртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті Төрағасының м.а. 2007 жылғы 12 қаңтардағы № 19 бұйрығының (Қазақстан Республикасының Нормативтік кұқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4518 болып тіркелген және «Юридическая газета» газетінде 2007 жылдың 2 наурызында № (1236) жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
5. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.