(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2007.20.06 № 517 ҚАУЛЫСЫ

Техникалық регламенттерді әзірлеу, сараптау, қабылдау, өзгерту және жою ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 маусымдағы № 517 Қаулысы

(2009.16.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Осы редакция 2009 жылғы 10 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Техникалық регламенттерді әзірлеу, сараптау, қабылдау, өзгерту және жою ережесі бекітілсін.

2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2007 жылғы 20 маусымдағы

№ 517 қаулысымен

бекітілген

 

 

Техникалық регламенттерді әзірлеу, сараптау, қабылдау, өзгерту және жою ережесі

 

 

1. Жалпы ережелер

 

Осы Техникалық регламенттерді әзірлеу, сараптау, қабылдау, өзгерту және жою ережесі (бұдан әрі - Ереже) «Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленген және техникалық регламенттерді әзірлеу, сараптау, қабылдау, өзгерту және жою тәртібін белгілейді.

 

 

2. Техникалық регламенттерді әзірлеу

 

ҚР Үкіметінің 2009.16.01. № 13 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

1. Техникалық регламенттер ғылыми негізделген және (немесе) статистикалық деректер негізінде әзірленуге тиіс.

2. Техникалық регламенттерде белгіленетін талаптар мемлекеттік саясат мүдделеріне, материалдық-техникалық базаның дамуына және ғылыми-техникалық даму деңгейіне, сондай-ақ Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттарға сәйкес келуі тиіс.

ҚР Үкіметінің 2009.16.01. № 13 Қаулысымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

3. Өнімге және (немесе) процестерге қойылатын ең төменгі қажетті талаптарды белгілеген кезде оның өмірлік циклінің барлық сатысында осы өнімге тән қауіп-қатерлердің барлық түрлері ескерілуі қажет.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.